Мәскеуде сатирик Аркадий Арканов өмірден өтті

0
93

 

Белгілі сықақшы Аркадий Арканов 82 жасқа қараған шағында мәскеулік ауруханалардың бірінде дүниеден өтті.

Мәскеуде сатирик Аркадий Арканов өмірден өтті

Жазушыға екі рет жедел жәрдем шақырған болатын, деп хабарлады lifenews.ru. Аркадий Арканов 1933 жылы 7 маусымда Киевте дүниеге келді.

Оның алғашқы әңгімесі 1963 жылы Арканов юмор және сатира бөлімінің штаттан тыс редакторы болып жұмыс істейтін «Юность» журналында жарияланды.

1968 жылы ол Кеңес жазушылары одағына қабылданды. Аркадий Арканов 15-ке тарта кітаптың, көптеген әңгімелердің, монологтардың, юморескалардың және сценарийлердің авторы, оның шығармаларын өзі және әріптестері орындады.

Сонымен бірге Мәскеудегі Сатира театрында қойылған ондаған пьеса жазды. Телевидениеде Аркадий Арканов «Вокруг смеха» және «Белый попугай» сияқты бірнеше хабарларды жүргізді.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз