Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады

19
199

Қостанайлық Әсет пен Анар Сүндетбаевтарды елбасы үйлену тойымен құттықтады. Назарбаевтың құттықтау хатын облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жеткізді деп хабарлайды Алау порталы.

Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады (фото)
21 наурыз күні Қостанайда Әсет және Анар Сүндетбаевтар заңды некеге тұрды. Тойға арнайы Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов келді. Облыс басшысы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Әсет президентті тойына шақырған болатын.

«Мен Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет тұтамын. Ол менің кумирім. Мен ол кісіге жай ғана хат жазып, тойма шақыру қағазын пошта арқылы жіберген едім. Хатыма жауап келгенде таңқалдым. Қуаныштан, төбем көкке бір елі жетпей қалды. Оны айтып жеткізе алмаймын», – дейді Әсет.

Наурыз қарсаңында отау құруды Әсет пен Анар бұрыннан ойластырған  екен. Жастар Руднен институтында оқып жүргенде танысқан. Қазір олар Магнитогор металлургия институтының магистратурасында білім алып жатыр. Олардың жасы 24-те. Әсет металлург мамандығын таңдаған.

Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады (фото)

Президенттің құттықтау хатын жеткізген облыс басшысы оны жастарға оқып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан, облыс басшысы өзімнің атымнан құттықтауды қабыл алыңыздар. Сіздерге, махаббат, татулық, отбасыңыздың беріктігін, амандығын тілейміз», – деді Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Сондай-ақ әкім жас отбасыға сыйлық ретінде теледидар табыс етті.

Источник: NUR.KZ

19 ПІКІРЛЕР

  1. Иә, расымен де армандар орындалады. Екі қуанышты бірге атап өткен Әсеттен бақытты жан болмаған шығар. Біз де тілектеспіз. Ең бастысы елдің бірінші адамы құттықтады. Мұның өзі үлкен абырой, үлкен мәртебі.

  2. Қандай керемет. Әсет бұл дегеніміз елімізде әрбір қазақстандықтың Елбасына жолдаған хаттары мен өтініштері елеусіз қалып қоймайтындығының көрінісі. Бұған өзің де еліміздің қарапайым тұрғыны ретінде көз жеткіздің. Бақытты болыңдар!

  3. Қандай бақыттысыңдар. Қазір мүмкіндіктер көп. Интернет арқылы да өз сұранысыңды қанағаттандырып отырсың. Бұл дегеніміз расымен де әрбір өтініштің артында бір тағдыр тұрғанын дәлелдегендей болды.

  4. Мінеки, бұл жасжұбайларға көрсетіліп жатқан құрмет. Енді осы құрметті бағалай білген жөн. Бақытты болыңдар!

  5. Шаңырақ көтерген жастардың алдағы өмірлері қуанышпен бақытқа толы болсын. Елбасының ақ батасын алған жастардың бақытты отбасы боларына сенемін.

  6. Елбасымыздың шақырақ көтерген жастарға ақ батасын беріп, қуаныштарымен бөлісуі өте орынды.

  7. Н.Назарбаевтың ақ бастасын алып, жаңа өмірге қадам басқан бұл жастар бақытты деп білемін. Шаңырақтарың биік, іші шаттыққа толы болсын.

  8. Әсет, мықтылығыңды дәлелдедің. Бұл әркімге бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан бағалай біл бұл мүмкіндікті. Сәттілік.

  9. Менің тойым да осындай үлкен сый болса екен. Қандай бақыт, еліміздің Президентінің атынан мұндай қошеметке ие болу. Армандарың орындала берсін!

  10. Жасжұбайлар мықты. Екінің бағына бұйыра бермейтін бақ қой. Әрқашан жұптарың жазылмай жүрсін!

  11. Қандай бақытты жандар. Әсет пен Анар бұл құттықтау хатын алғанда қандай сезімге бөлендіңдер екен? Мұның өзі Елбасы тарапынан сендерге деген жасалып жатқан үлкен құрмет қой. Бағалай біліңдер.

  12. Жастар бақытты болсын. Елбасы еліміздің болашағына сенеді. Ол жастар!

  13. Красавица жена!
    p.s; почему сайт на казахском языке, а комменты на английском?

  14. Өте әдемі жұп, бақытты болсын. Президентіміздің Берген батасы қабыл болсын.

  15. Бақытты жандар екен. Жұбайлық өмірге деген қадамдары керемет басталған. Президенттің сенімін ақтайтын шығар енді, ертеңгі күні балаларына көрсетіп отыруға да керемет нәрсе екен. Жастар бақытты болсын!

  16. Әрине,бұл дегеніміз елімізде әрбір қазақстандықтың Елбасына жолдаған хаттары мен өтініштері елеусіз қалмайтындығының белгісі. Бұл екі жас ендіПрезиденттің сенімін ақтайтын шығар деп ойлаймын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз