«Ақылды» туфлиіңіз болса, түр-түсін күнде өзгерте аласыз

0
51
Вильнюстің Ishuu Technologies компаниясы электронды сия (e-ink) технологиясы бойынша «ақылды» туфли тігіп шығару үшін ғаламтордағы арнайы сайт арқылы қаржы жинастыруда. Бәрі ойдағыдай болса, жаңа инновациялық аяқ киімнің бағасы 150-ден 500 долларға дейін тұратын болады. Туфлидің электронды сия толтырылған беткі жағын оның иесінің көңіл-күйіне қарай үнемі өзгертіп отыруға болады. Ал мұны іске асыру үшін туфлидің табанына кіріктірілген электрондық чип пен смартфонды Bluetooth арқылы жалғап, соңғысындағы мобильдік қосымша арқылы қалаған түр-түсті таңдайсыз. Краудфандинг – белгілі бір тауар шығару немесе қызмет түрін ұсынуды бастауға арналған көп мөлшердегі қаражатты халықтан ерікті түрде жинау. Қазіргі уақытта ол көбіне ғаламтор арқылы жасалып жүр. Ал «ақылды» туфли шығаруға бел байлаған компания осы мақсат үшін 50 мың АҚШ долларын жинастыруы тиіс. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55450-a-yldy-tuflii-iz-bolsa-t-r-t-sin-k-nde

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз