Бөкей ханның қазақ тарихындағы орны

0
175
Атырау тарихи өлкетану мұражайында «Бөкей хан Нұралыұлының қазақ тарихындағы орны» атты көрме ашылды. Көрме қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған. Бөкей хан Нұралыұлы XVIIғасырда жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берген қазақ әскерінің дарынды қолбасшысы ханы – Әбілқайырдың немересі. Ол 1801 жылы кіші жүз қазақтарынан құралған 5 мың шаңырақты соңына ертіп, сол кездері қалмақтардан босап қалған Еділ-Жайық өзендері аралығына қоныс теуіп, Бөкей ордасын құрды. Сол арқылы бүгінгі Қазақстан шекарасын жүздеген шақырымға кеңейтуге үлес қосқан тарихи тұлға. Көрмеге Бөкей ханның Ресей патшасы Павел екіншіге жер сұрап жазған өтініші, кейін аталған аумақты иеленуге патшаның қол қойған рұқсат грамотасы қойылған. Сондай-ақ ханның аты-жөні жазылған жеке мөр-жүзігі, сол кездері ауқатты қазақтар тұтынған үй жиһаздары мен Кузнецов фабрикасынан шыққан шай жабдықтары орын тепкен. Оксана Айжанова, мұражайдың бөлім меңгерушісі: – Бөкей ханның арқасында бүгінгі Атырау облысының екі ауданы орналасқан аумақ қазақтардың қарауына мәңгіге қалдырылды. Және көршілес Астрахан облысында тұратын мыңдаған қазақтар ата-баба салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан қол үзбей, әлі күнге жалғастырып келеді. Демек Бөкей хан өз заманының ұлы тұлғаларының бірі деуге толық негіз бар.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/m-deniet/item/55519-hyldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз