Жетісу жерінде блогерлердің кезекті құрылтайы өтті

0
455
5
Талдықорғанда Қазақстан блогерлерінің кезекті құрылтайы өтті. Оған республиканың әр аймағынан 70-ке жуық жас қатысты. Бір-бірін тек әлеуметтік желілер арқылы танитын блогерлер өзара тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салды. Әртүрлі сессияларға бөлініп, таңдап алынған тақырыптар бойынша пікірсайыстар ұйымдастырды және шеберлік сабақтар жүргізілді. Айта кету керек, Қазақстан блогерлерінің алғашқы құрылтайы бұдан 5 жыл бұрын Алматыда өткен болатын. Одан кейінгі басқосулар Астана, Шымкент, Қарағанды қалаларында жалғасып, ғаламторды пайдаланудағы жаңа технологияларды игеру мен жастардың азаматтық белсенділігін арттыру жайы талқыланды. Ал Жетісу жеріндегі жүздесуде интернет-журналистиканы дамытудың мүмкіндіктері жан-жақты сөз болды. Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі: – Бұл сайттың немесе қазақтілді интернет контентті жасаушылардың құрылтайы ретінде әрі қарай жалғаса береді. Өйткені мұндағы талқыланып жатқан әңгімелер, айтылып жатқан мәселелердің барлығы интернет контентті жақсарту мен аудиторияны тартуға бағытталған. Осыған көбірек назар аударуымыз керек. Ләззат Қожахметова, блогер: – Осы блог-құрылтайлардың арқасында блогтар жаңарады. Жаңа дүниелер жазылады. Жаңа көзқарастағы жастардың жаңа жазбалары, жаңа әлемі пайда болады. Сол себепті мен мемлекеттің ұстап отырған саясаты дұрыс деп есептеймін.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/55511-jy-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз