Вашингтонда әлем инвесторларының дәстүрлі саммиті өтті

0
90
SelectUSA, яғни «АҚШ-ты таңда». Жыл сайын Вашингтон осы тақырыпта жаһанның әр түкпірінен жиналған инвесторлардың басын қосып келеді. Дәстүрлі саммитке биыл әлемнің 70 елінен 3000-ға тарта қонақ жиналды. Америкалық экономика осылайша шетелдік бизнеске ынта бөлуге мүдделі. Қазір мұхиттың арғы жағындағы инвестиция қоры 2,8 трлн долларды құраса, тек былтырдың өзінде құйылған тікелей инвестиция мөлшері 100 млрд-қа жуықтайды. Дегенмен, әлемдік экономикадағы құбылмалы жағдайлар супердержава үшін жаңа нарық көздерін табуға итермелеуде. Оның ішінде қазақ инвесторларына да есік айқара ашық. Алты құрлықтың менмін деген ең алып компаниялары мен бизнес жетекшілерінің басын біріктірген алқалы жиыннан меншікті тілшіміз Жігер Сәрсеннің репортажын күтіңіздер.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55644-sammiti-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз