Бұл туралы WWF бүкіл әлемдік табиғат қорының Владивостоктағы өкілдігі хабарлады. Приморье және Хабаровск өлкелерінде ақпан мен наурыз айында жауған қардың салдарынан аша тұяқтылар қажетті азықты таба алмай, жаппай қырыла бастаған. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 1,5 метрден асады. Мұндай қалың қарды табиғат қорғаушылары бұрын сонды көрмегендігін айтып отыр.