Францияда ұшақ апаты кезінде 160 адам қаза тапты

0
421

 

Францияның оңтүстігінде Germanwings әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырады.

Францияда ұшақ апаты кезінде 160 адам қаза тапты
Фото: РИА Новости. Максим Блинов

Ұшақ «Дюссельдорф-Барселона» бағыты бойынша бет алған. Ұшақ бортындағы 154 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза болды. Мұндай ақпаратты әуе компанияның өкілдері растады.

Airbus A320 ұшағының апатқа ұшырағаны туралы La Provence басылымы хабарлады.

Әуе апаты француз Альпісының маңында Динь-ле-Бен аймағында орын алды. Онда қазір полицейлер мен құтқарушылар шоғырланды.

Лауазымды тұлғалардың айтуынша, жолаушылардың аман қалуына ешқандай үміт болған жоқ. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, ұшақ таулы аймақта құлаған.

TF1 телеарнасының хабарлауынша, ұшақтың бөліктері Жоғарғы Прованстың Альпі департаментінде Барселоннет қаласының маңында табылды.

Франция президенті Франсуа Олланд: «Ұшақтың қалдықтары мен сынықтары апат кезінде ешкім де тірі қалмады деген болжам жасауға негіз береді», – деді телеүндеу барысында.

Оның сөзінше, ұшақ жету қиын таулы аймақта құлаған.

Құлаған Airbus Germanwings компаниясына тиесілі болған, ол Дюссельдорф қаласынан Барселоноға бет алған еді.

Germanwings компаниясы ірі әуе тасымалдаушы Lufthansa-ға еншілес компаниялардың бірі.

Белгілі болғандай, құлар алдында ұшақ борты апат дабылдарын жіберген.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз