Франциядағы ұшақ апатынан соң германиялық Germanwings әуе компаниясында 30-дан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Оған экипаж мүшелерінің Airbus A320 ұшағымен ұшудан бас тартуы себеп. Белгілі болғандай, апатқа ұшыраған ұшақта техникалық ақаулар байқалған. Еске сала кетейік, Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған ұшақтың бортында 150 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылардың 67-сі – Германия азаматы, 45-і – испандық және біреуі бельгиялық екен. Сондай-ақ Түркия, Австралия, АҚШ пен Мексика азаматтары да болған. Бортта 16-сы мектеп оқушысы мен 2 мұғалімнің де болғаны анықталды. Бұл туралы Испания премьер-министірінің орынбасары мәлімдеді. Дәл осы рейспен 1960 жылы Қазақстанда туып өскен, Қарағанды мен Алматыда білім алып, 1991 жылы Германияға қоныс аударған немістің атақты опера әншісі Олег Брыжак та сапарға шыққан екен.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55668-bas-tartty