ҚР СІМ: Франциядағы ұшақ апатында қазақстандық 3 азамат қаза тапты

0
550
5
Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Қазақстанның 3 азаматы болған. Бұл жөнінде еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Олар – 1965 жылы туған Ербол Иманғалиев, 1966 жылғы Айжан Есенғалиева және 1989 жылы туған Әділ Иманғалиев. Министрлік өкілі қаза болған жерлестеріміздің туған-туыстарына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ осы ұшақта болған Елена Блес есімді жолаушыны неміс билігі Қазақстан Республикасының тумасы деп хабарлапты. Қазір осы ақпараттың анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/55663-tapty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз