Ұшақ апатында қаза тапқан ерлі-зайыптылардың соңында жасөспірім қызы қалды

0
385
11
Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Қазақстанның 3 азаматы болған. Бұл жөнінде еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Олар – 1965 жылы туған Ербол Иманқұлов, 1966 жылғы Айжан Есенғалиева және 1989 жылы туған Әділ Иманқұлов. Министрлік өкілі қаза болған жерлестеріміздің туған-туыстарына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ осы ұшақта болған Елена Блес есімді жолаушыны неміс билігі Қазақстан Республикасының тумасы деп хабарлапты. Қазір осы ақпараттың анық-қанығы тексеріліп жатыр. Қаза тапқандар Шығыс Қазақстан облысының тумалары екен. Айжан Есенғалиева «Казцинк» компаниясы директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Бұл ақпаратты өндіріс өкілдері растады. Ал оның жанында күйеуі мен баласы болған. Жұбайы Ербол Иманқұлов та бұрын «Казцинктің» мыс зауытын басқарған. Марқұмдардың артында Өскеменде 7-сыныпта оқитын қызы қалды.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55687-irim-yzy-aldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз