Қазақ кәсіпкері Молдова зауытының бас директоры болды

0
72

 

Қазақстан кәсіпкері Талғат Байтазиев Молдова металлургиялық зауытының бас директоры болып тағайындалды.

Қазақ кәсіпкері Молдова зауытының бас директоры болды

Молдова аумағындағы әлі ешкім мойындай қоймаған Приднестровье республикасының президенті Евгений Шевчуктің сөзіне қарағанда, Молдова металлургиялық зауыты үстіміздегі жылдың ақпанында мемлекет меншігіне қайтарылған. Қазір зауыт 4 млн долларға шығында тұр.

«Негізгі міндет – бірінші өндіріс шығынын азайту, екінші пайдаға жұмыс істеу», – деді Евгений Шевчук.

Приднестровье басшысы ақпан айында зауытқа жаңа инвестор тартылатынын, ол зауытқа 40 млн доллар қаржы құятынын мәлімдеген. Бірақ, әлгі инвестордың кім екенін ашып айтпаған болатын. Енді міне, оның есімі белгілі болып отыр.

Кәсіпорынның инвесторы әрі бас директоры Талғат Байтазиев 49 жаста. Атырау мұнай және газ институтының түлегі. Ол 2004-2012 жылдар аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Ал 2012 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамымен еншілес Batumi Industrial Holdings Ltd компаниясының бас директоры болып тағайындалған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз