13 жастағы бала өзінің 6 жасар інісін атып өлтірді

0
508
2
Болжам бойынша ағалы-інілілер түскі ас кезінде келіспей қалған. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Оқиға АҚШ-тың Флорида штатында болған. 13 жастағы ұл бала өзінен кіші інісіне оқ атып, ағасын да жаралайды. Бұдан кейін өзіне өзі қол жұмсайды. Бұл туралы Паско аймағының шерифі Крис Нокко мәлімдеді. Оның айтуынша, үш ағайынды түскі ас кезінде тамақ үшін келіспей қалған. Бұл уақытта үйде үлкендер болмаған. Баланың қаруды қайдан алғаны белгісіз. Қайтыс болған бала 6 жаста, ал жарақат алған ағасы 16 жаста болған. Әзірге оқиғаның егжей-тегжейі туралы толық ақпарат жоқ. Осы іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55785-ltirdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз