«Бостон терактісіне» қатысты айғақтарды жасырғаны үшін айыпталған екі қазақстандық, егер қорғаушы тарап олардың айыпталушы ретінде өтеген мерзімімен келіссе, отанына қайтарылуы мүмкін.
АҚШ прокуратурасы барлық айыптарды алып тастау туралы шешімін 18 наурызда шығаруы тиіс-тін. Алайда, қадағалаушы орган, «Царнаевтың ісі» бойынша сотта Азамат Тәжаяқов сөйлеуі тиіс болғандықтан, уақытты кейінге шегеруді сұрады.
Азаматтың әкесі, «Бостон террорисінің» ісі қазақстандық азаматтардың ендігі тағдырына еш қауіп төндірмейтініне сенімді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық студенттер тек қаржылық айлакерлікке қатысты бап бойынша айыпталған болатын.
Кейіннен қорғаушы – 3 адамның өмірін қиған лаңкестікке екі студенттің қатысы жоқ екенін дәлелдеп шықты. Ақырында судья, Царнаевтың бөлмесінен алынып, қоқысқа лақтырылған сөмке – қылмыс айғағына немесе жасырын мәліметке жатпайды, деп шешті.
«Олар бізден тағы да уақыт сұрады. Царнаевтың сотында Азаматтың сөйлегенін қалайды. Мен оларға ұлымды алып кету үшін баратынымды айттым. Азаматтан да, Диастан да барлық айыптар алынып тасталуы тиіс. Бірақ прокуратура, олардың орнына өзге айыптар тағылады деді. Сондықтан олар, біз бас тартпайтындай, ұсыныс айтулары керек», – дейді Азамат Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.
Сондай-ақ Исмағұлов балаларымыз бостандыққа шығуы үшін, айтқан ұсыныстарына келісіп отырғанын жетікзді.