Қазақстандағы президент сайлауына 3 кандидат қатысады

0
417

 

Бүгін, 26 наурыздан бастап, Қазақстан президенттігіне 3 кандидат өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Қазақстандағы президент сайлауына 3 кандидат қатысады
Айта кетейік, еліміздің Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат ретінде «Нұр Отан» партиясы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан Тұрғын Сыздықовты, кезектен тыс президенттік сайлауға өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты тіркеген болатын.

Олардың барлығы да Қазақстан президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиясының емтиханын тапсырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында талап етілетін барлық құжаттарды ОСК-ге өтізген.

Сонымен қатар, 1 млн 60 мың теңге көлеміндегі сайлау жарнасын да төледі. Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелу үшін үміткерлер сайлаушылардың 93 мыңнан астам расталған қолын жинау керек болатын.

Еске сала кетейік, 25 наурызда кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

«Президент сайлауын бекіткеннен бастап, қажетті жұмыстардың барлығын атқардық. Қаншама семинар, отырыстар өтті. Сайлау науқанын кезең-кезеңге бөліп қарастырсақ, бірінші кезеңі аяқталды. 26 ақпаннан бастап, президенттік сайлауға кандидаттар өздерін ұсына бастады. Өздеріңіз білетіндей, 27 кандидат Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде өз өтініштерін берген. Соның ішінде, 25 кандидат өз өзін ұсынған, екі кандидат республикалық қоғамдық бірлестік жоғарғы органынан ұсынылды. Ұсынған азаматтардың арасында екі әйел болды: Қойшиева Лимана және Өтепова Айгүл. Кандидаттардың орташа жасы – 54 жаста екен. 2005 жылмен салыстырғанда, сол жылы 18 кандидат өтініш берген екен, оның ішінде үш кандитдат қалған. 2011 жылы 22 кандидат өтініш берген, оның ішінде төрт адам қалған», – деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз