Airbus A320: ұшқыштар кабинасынан тыс қалған пилот оның есігін сындырып кірмек болған

0
466
2
New York Times басылымының мәліметінше, Альпі тауларына құлаған ұшақтағы пилоттың кабинадан неліктен шыққаны осы кезге дейін жұмбақ болып қалуда. Себебі лайнердің қара жәшігін мұқият тыңдаған мамандар жазбадағы дәл осы сәт жазылған кездің естілмей тұрғанын айтқан. Ал ол жұмыс орнына қайтып оралмақ болған кезде, штурвалда отырған екінші ұшқыштың кабина есігін неліктен ашпағаны да түрлі болжамдар жасауға себепкер болуда. Мамандардың мәлімдеуінше, сыртта қалған пилот кабина есігін әуелі жәй ғана қағып, ашылмағасын оны сындырып кіруге әрекеттенген. Сондай-ақ америкалық басылым «ол кабинадан шыққанға дейін ұшудың бірқалыпты болып, оқыс жәйттің болатыны күтілмеген» деп жазды. Кабина есігін іштен жапқан ұшқыш диспетчерлерге де жауап қайтармаған. Ал ұшақ иесі Lufthansa компаниясы басылымның бұл мәліметтерін әзірге растай алмайтындығын мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеушілер апаттың көп сауал тудырған жұмбақ тұстарын шешуге тырысуда. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55810-airbus-a320-sh-yshtar-kabinasynan

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз