Д.Кэмеронның қызы атышулы шоуменді жұмысқа қайта алуды талап етіп, аштық жарияламақ

0
445
3
BBC телекомпаниясы Top Gear бағдарламасының жүргізушісі Джереми Кларксонды жұмыстан шығарды. Бұл туралы осы медиахолдинг басшысы Тони Холл мәлімдеді. Енді атышулы шоуменнің мәселесін Йоркшир графтығының полицейлері май шаммен қарамақ. Себебі Кларксон «түсірілімнен кейін ыстық ас дайын болмады» деп, Top Gear продюсері Ойшин Таймонға 20 минут бойы тіл тигізіп, онысы аздай артынша оған қарсы жұдырық ала жүгірген. Қазір тәртіп сақшылары телекомпанияның осы келеңсіз жәйт туралы қызметтік жазбасын сұрап алып, оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тергеп жатыр. Ал Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронның қызы егер Джереми Кларксон жүргізушілік жұмысқа қайтып алынбаса, аштық жариялайтынын айтты. Ал әкесі қызының бұл қылығына қарсы еш әрекет жасай алмай отыр. «Қазір ол жасөспірім, бұл кезде балалар ешнәрсеге де құлақ аспайды», – депті ақталған болып, үкімет басшысы. 200-ге жуық елге таратылып, жер-жаһанды тәнті қылған деректі шоуды нақты кім жүргізетіні әзірге белгісіз. Бұл қызметке үміткер ретінде комик актер Стивен Фрай және 48 жастағы радиожүргізуші Крис Эванстың аты аталып жүр. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55798-d-kemeronny-yzy-atyshuly-shoumendi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз