Йеменде соғыс басталды

0
442
5
«Әл-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, Сауд Арабиясы бастаған 9 араб мемлекеті ел астанасы Санада бекінген шиіттік бүлікшілер хоуситтерге қарсы әуе соққыларын бастаған. Заңды билікті құлатуға бел буған көтерілісшілерге тез арада тойтарыс беруді Йемен президенті, сүнниттік ағым өкілі Әбд Раббу Мансұр Хадидің өзі өтінген. Біріккен ұлттар ұйымының өкілі аталған әскери операциядан хабардар екенін мәлімдеді. Осы елдің сыртқы істер министрімемлекет басшысының көршілес Джибутиге қашып кеткенін жоққа шығарып, оның қазір Аденде екенін айтқан. Ал хоуситтер үшінші ірі қала Аденде толық бақылау орнатқанын және халықаралық коалицияның операциясын басқыншылық деп атап, оларға қарсы соғысатынын жеткізді.

Источник: http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55797-bastaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз