Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды

0
391

 

Қайғылы оқиға Бейжіңде орын алған деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Нұрлан Қаппаров жүрек талмасынан қайтыс болды
Нұрлан Қаппаров

Ақпараттық агенттіктің дереккөзі хабарлағандай, «Қазатомпром» акционерлік қоғамының басшысы Қытай астанасында осыдан бір сағат бұрын көз жұмды.

Бейжіңде Қаппаров Қазақстанның ресми делегациясының құрамында болған.

Алдын ала деректер бойынша, ол түскі уақытта жүрек талмасынан көз жұмды.

Айта кетсек, бұған дейін ол Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі қызметін де атқарған еді. Кейін аталған ведомство өзгерістерге ұшырап, Қаппаров бұл министрлікте қызметін вице-министр ретінде жалғастырды.

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қаппаров Қазақстанның ең ауқатты 50 азаматының қатарына кіреді. Ол Lancaster Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Forbes дерегі бойынша оның байлығы 120 млн долларға бағаланып отыр.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз