Ақмола облысында полиция аға лейтенанты болып істейтін бойжеткен өзін өзі табельді қарумен атып, көз жұмды.
25 наурыз күні Целиноград аудандық ІІБ полиция аға лейтенанты, 1991 жылы туған қызметкер өз бөлмесінде атылып өлді.
Тергеушінің кабинетінен оқ даусын естіген әріптестері дереу есікті бұзып кіріп, офицердің жансыз денесін тапқан.
Әріптестерінің сөзіне қарағанда, марқұм болған қызметкер соңынан хат қалдырып, ата-анасынан кешірім сұраған.