Қытайда 3D принтерімен автокөлік басып шығарылды

0
595
3
Қытайлық инженерлер 3D принтер арқылы басып шығарған алғашқы көлікті таныстырды. Жеңіл автокөліктің ұзындығы 3,6, ал ені 1,63 метр. «Оны құрауға аз материал жұмсалған», – дейді өнертапқыштар. Бұл көлікті бес күннің ішінде бастырып, содан кейін тест драйвтен өткізді. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін жеткізуге болады және 3D көлік аккумулятордан қуат алады. Естеріңізде болса, бұған дейін Local Motors компаниясы сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жүретін екі орындық кабриолетті принтерде басып шығарған болатын. Дайындаған Нұрбек Бекен

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55863-shy-aryldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз