Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

0
433
Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады
Қытайда Қазақстан азаматтары отырған автобус апатқа ұшырап, 2 адам мерт болды. Тағы 19 азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды КТК.Жолаушыға лық толы көлік Семейден Үрімшіге бағыт алған екен. — Көк бауыры мен ішектері езіліп кеткен. Операция жасадық. Оқыс оқиға Қытай жерінде болған.

Автобус осы елдің компаниясына тиесілі.  Жапа шеккендердің дені Қазақстан азаматтары. Куәгерлердің сөзінше, автобус жолдың қарсы бетіне шығып, жеңіл машинамен соқтығысқан.

2 отандасымыз сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. 19 адам Зимунай елді-мекеніндегі ауруханаға жатқызылды. Арасында көрші елде білім алып жүрген студенттер де бар.

Зардап шеккендер автобус иелерінің әрекетіне наразы. Айтуларынша, көлік компаниясының өкілі ешбір аудармашысыз әлдебір құжаттарға жолаушылардың қолын қойғызбақ болып жүр екен.

«Күнде бір қағаздарды алып келіп қол қойыңдар деп мезі етті. Қытай тілін шала-шарпы білетін біреу оқып еді, онда «бар жауапкершілік жолаушыларға жүктеледі» деп жазылған екен. Біздің үкімет тарапынан жәрдем болса дейміз. Аудармашы мен заңгердің көмегі керек», — дейді  Семей қаласының тұрғыны Құрмангүл Оразбаева.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз