Ұшақ апатынан қаза болған кәсіпкер Ербол Иманқұловты әріптестері еске алды

0
46
Ұшақ апатынан қаза болған кәсіпкер Ербол Иманқұловты әріптестері еске алды
Франциядағы әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың бірі Ербол Иманқұлов Қарағандыдағы «Тау-Кен Темір» металлургиялық кремний зауытының директоры болған.

Марқұмға арнап әріптестері естелік кітапшасын ашты. Келушілер онда көңіл айту жазбаларын қалдырады.

50 жастағы Ербол Иманқұловтың бұл қызметке тағайындалғанына бір жыл ғана болған. «Осы аралықта өндірісті көтеруге ерен еңбек сіңірді», — деп еске алды әріптестері.

Өскемендік азамат отбасын туған қаласында қалдырып, Қарағандыда пәтер жалдап тұрған. Қызметтестерінің айтуынша, жауапкершілігі биік жан ұшаққа отырғанға дейін телефон арқылы өндірістің жайын сұрастырумен болыпты.

Ербол Иманқұлов Еуропаға зайыбы Айжан Есенғалиева мен 26 жастағы ұлы Әділ Иманқұловпен бірге демалуға ұшып бара жатқанда көз жұмды. Марқұмдардың артында 13 жасар Дана есімді қызы қалған.

«Бір күн бұрын байланысқа шыққанбыз. Ертеңінде интернетке хабар шықты, байланысқа да шықпай кеткен соң сездік. Өте қайғылы жағдай, орны толмас. Өте жақсы басшы, білімді азамат, адамгершілігі мол, адал, беделді адам», — дейді  «Тау-Кен Темір» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Саят Адыханов.

Өскеменде Айжан Есенғалиеваның жұмыс орнына, оның әріптестері мен көзін көргендер гүл шоқтарын әкелді. Ол «Қазмырыш» компаниясына қарасты спорт кешені директорының орынбасары қызметін атқарған.

Аталған компания апатқа ұшырап қаза болған отбасына көмек көрсетуді мойнына алып отыр.

«Мен бұл отбасын жақсы білетінмін. Жанұяларымызбен бірге демалатынбыз. Жайдары адамдар болатын. Ербол әрдайым әзілдеп жүретін еді. Домбырада да ойнайды. Әлі күнге дейін сене алар емеспіз», — дейді «Қазмырыш» ЖШС бас директоры Юрий Гусев.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз