
Қарулы күштер қатарына шақырылғандардың 20 пайыздан астамы әскерге жарамсыз.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде Қорғаныс министрлiгiнiң Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы әскери қызметшілерді сараптау және әскери жоғары оқу орындарын жасақтау бөлімшесінің бастығы полковник Нұржан Артықов мәлiм еттi.
«Егер былтырғы мәлiметтерге қарасақ, әскерге шақырылғандардың 120 мыңнан астамы медициналық комиссиядан өттi. Олардың 77 пайызы мерзiмдi әскери қызметтi атқаруға жарамды деп танылды. 8 пайызы бейбiт уақыттары әскери қызметке жарамды. 15 пайызында терапевтикалық бағыттағы аурулар анықталған, оларға тексерiлуге және емделуге уақыт берiледi. 13 пайызында хирургиялық ем-домды қажет ететiн дерттер табылды, олардың iшiнде варикоцеле, несеп жолдары аурулары. Сонымен қатар, тiрек-қозғалу жүйелерiнiң аурулары, майтабан, сколиоз бар», — дейдi ол.
По сообщению сайта Nur.kz