Апатқа ұшыраған A320-ның екінші ұшқышы ұшақты әдейі төмен бағыттаған

0
48

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған A320 ұшағының штурвалын апат кезінде оны жойғысы келген екінші ұшқыш басқарған, деп мәлімдеді Марсель прокуроры баспасөз мәслихатының барысында.

Апатқа ұшыраған A320-ның екінші ұшқышы ұшақты әдейі төмен бағыттаған

Прокурор Брис Робэннің айтуынша, немістің «Germanwings» әуе компаниясының иелігіндегі аэробустың екінші ұшқышы ұшақты пикеге «саналы түрде» бағыттап, жерге құлау кезінде тірі болған, деп хабарлайды The Guardian.

«Оның ұшақты жою ниеті болған», – деді ол.

Ұшудың соңғы 30 минуты туралы ақпарат дауыстар жазылған «қара жәшіктің» мәліметтерін оқу кезінде алынған. Прокурор экипаж командирінің кабинадан шығып кеткенде, екінші ұшқыш басқаруды өзіне алып, ұшақты төмен бағыттаған.

Робэннің айтуынша, кабинада үрей белгілері болған жоқ, екінші ұшқыш жақсы тыныс алған, ол ұшақ жерге құлағанша бірде бір сөз айтпады.

Франциялық прокурор екінші ұшқыштың есімі Андреас Лубиц екенін, оның Германия азаматы екенін мәлімдеді. Ол 28 жаста болған, деп атап өтеді The Wall Street Journal. Ол Рейнланд-Пфальц жеріндегі Монтебаур қаласының тумасы.

Рейтерс Лубицтің тәжірибесінде небәрі 630 сағат болғанын, ал негізгі ұшқыш еңбек жолында барлығы 6000 сағат ұшқанын атап өтеді. Bild берген мәліметтерге сәйкес, кеме командирінің есімі Патрик С. болған, ол Дюссельдорфта дүниеге келген. Ұшудың соңғы 10 минутында командир екінші ұшқышты жабық тұрған есіктің ар жағынан бірнеше рет шақырды.

Прокурор Лубицтің әрекеттерін өзін-өзі өлтіру деп атаудан бас тартты, сондай-ақ оның «лаңкес ретінде танылмағанын» мәлімдеген. Ол апаттың лаңкестік әрекет болғанын көрсететін ешқандай мәліметтердің әзірге жоқ екенін атап өтті.

«Мен оны өзін-өзі өлтіру деп айта алмаймын, бірақ іс жүзінде бұл нұсқаны қарастыру керек», – деді Робэн.

«Қара жәшіктің» жазбаларын оқу кезінде апаттық жағдайдың орын алуына 20 минут қалғанда екі ұшқыштың бір-бірімен жақсы сөйлескені аңғарылады.

«Біз ұшақтың құлауына бірнеше минут қалғандағы айқай-шуды ести алатын едік», – деді Робэн.

Марсельдегі диспетчерлердің ұшақпен байланысқа шығуға бірнеше рет әрекеттенгендеріне қарамастан, оларға ешкім жауап бермеді, деп түйіндеді прокурор.

Естеріңізге сала кетейік, немістің «Germanwings» лоукостерінің «Airbus A320» ұшағы 24 наурыз күні франциялық Альпіде апатқа ұшырады. «Барселона-Дюссельдорф» бағытымен ұшып келе жатқан әуе кемесінің ішінде 144 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз