Шымкентте жасанды акциздік маркамен алкоголь өнімдерін шығарған 12 адамға сот үкімі шықты

0
72

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін өндіріп, өткзігені үшін 12 адам сотталды. Сот үкімі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта жарияланды.

Шымкентте жасанды акциздік маркамен алкоголь өнімдерін шығарған 12 адамға сот үкімі шықты

Сотталғандар арасында арақ-шарап зауытының директоры, жеке кәсіпкер, «Фиркан» бөлшек-көтерме сауда орталығының есепшісі мен салық комитетінің 7 бұрынғы қызметкері болды.

«Vin House» ЖШС зауытында ұйымдасқан қылмыстық топ пайда болған. Олар жасанды акциздік маркамен алкоголь өнімдерін шығарған, оны Қазақстанның басқа өңірлеріне шырын деген желеумен таратылып отырған», – дейді судья Әбінұр Қарабаев.

Қылмыстық іс мәліметтері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінен мемлекетке 77 млн. теңге көлемінде шығын келген. «Vin House» зауытының директоры 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жасанды акциздері бар өнімді өткізіп беріп отырған оралдық жеке кәсіпкер 7 жылға, ал «Фиркан» ЖШС есепшісі 5 жылға сотталды, алайда ол жүкті болуына байланысты жазасын кейін өтейтін болды.

Сондай-ақ өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін 6 салық маманының бір жылға бас бостандықтары шектелді. Салық комитетінің тағы бір бұрынғы қызметкері 100 АЕК көлемінде айыппұл төлемек. Сотталғандар сот үкіміне 15 күн ішінде шағымдана алады.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз