Ақтөбеде мүгедек қыздың қайсарлығы жұртты таңқалдырды

0
418

 

Ақтөбеде 7 жасар мүгедек қыздың қайсарлығы дені сау жандарды таңқалдырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде мүгедек қыздың қайсарлығы жұртты таңқалдырды
Тамина Әлиманова

Туғанынан арбаға таңылған Тамина қайырымдылық концертін өткізіп, түскен қаржыны өзі секілді дертке шалдыққан бес жасар бүлдіршінге табыстады. Омыртқасы туабітті ауруға шалдыққан Таминаның қайсарлығы он екі мүшесі түгел көрерменді тәнтті етті.

Анасы сәби кезінен арбаға таңылған қызының, қиналса да, бала болып ешқашан мұңайғанын көрсетпегенін айтады. Ән шырқағанда ауруынан жазылып, қанат біткендей болады екен.

Ал сәл қозғалса сүйегі сына беретін Алексейдің жағдайын естігенде Тамина оған көмектескісі келіпті. Жақындарының көмегімен қайырымдылық концертін өткізіп, түскен ақшаны мүгедек баланың анасының қолына табыстады.

Жеті жасар әншінің алда тағы осындай бірнеше концерт беру ойында бар.

«Аяп кеттім. Сосын мен ойладым оған көмектесу керек шығар деп. Содан осында келіп көмектесуге келдім. Концерттен жинаған ақшамды әрбір балаға беремін», – дейді жас әнші Тамина Әлиманова.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз