Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Түркия астанасында болған жойқын жарылыс салдарынан 28 адам көз жұмып, 61-і жараланды.

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Қаза тапқандардың басым бөлігі – əскери қызметкерлер. Түркия билігі аталған оқиғаны теракт деп мәлімдеді.

Анкарадағы террорлық оқиғадан соң Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен қауіпсіздік кеңесі өтті. Осыған орай, шекаралық аймақтар мен елдің бірқатар ірі қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жарылысқа орай түрік елінің мемлекет басшысы бүгін Әзірбайжанға жасайтын сапарын кейінге шегерді.

Естеріңізге саламыз, кеше Астана уақытымен сағат 22:30-да Анкара қаласының орталығы Қызылай алаңы маңында жойқын жарылыс болды. Содырлар жауынгерлер мінген әскери автобусты жарып жіберген. Әзірге лаңкестік шабуылды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бас прокуратура оқиға бойынша арнайы комиссия құрып, тергеу амалдарын бастады.

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

Түркияда жойқын жарылыс болып, 28 адам көз жұмды (фото,видео)

 

Дереккөз: 24.kz
Санаттар: Жаңалықтар

Comments

  1. Жарас 18 Ақпан, 2016, 10:09

    Құдай сақтасын, Осы бейбіт өмірге шүкір шілік.

Пікір жазу

<