Германиядағы жарылысты ұйымдастырған 27 жастағы сириялық болып шықты

Германиядағы жарылысты ұйымдастырған 27 жастағы сириялық болып шықты

 

  • © AP Photo/ dpa,Uwe Anspach© AP Photo/ dpa,Uwe Anspach

Германияның Ансбах қаласында болған жарылыстан қаза тапқан адам 27 жастағы Сирия азаматы болып шықты, деп хабарлайдыBNews.kz.
Ансбах қаласында орын алған жарылыс салдарынан көз жұмған жігіт 27 жастағы сириялық болып шықты, деп жазады РИА Новости Бавария ІІМ басшысы Иоханн Херрманнға сілтеме жасап.

«Қолда бар деректерге сүйенсек, 27 жастағы сириялық Германияға екі жыл бұрын келген. Келісімен босқын мәртебесін алуға өтініш береді. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмаған», – деп мәлім етті Херрманн баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге салып өтсек, Бавария федералды жеріндегі Ансбах қаласында дүйсенбіге қараған түні жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға салдарынан 12 адам жапа шеккен, олардың үшеуінің халі мүшкіл. Бір адам мерт болды. Полицейлердің болжамынша, жарылысты қаза болған ер адам ұйымдастырған.

http://alashainasy.kz/sha/germaniyadagyi-jaryilyistyi-uyyimdastyirgan-27-jastagyi-siriyalyik-bolyip-85666/

Санаттар: Жаңалықтар

Пікір жазу

<