Өмірзақ Ақжігіт: Масқара емес пе, Мұхтардың бұл ісі?!.

Өмірзақ Ақжігіт: Масқара емес пе, Мұхтардың  бұл ісі?!.

Геройхан ұлт мүддесі үшін “өз етінен ет кесіп беріп жүрген” адал азамат!

 

 

taizhan_kistaubay

Көне грек ойшылдары бұл сұраққа былай деп жауап берген екен: «Ең жаман өтірік – шындық араласқан өтірік». Мұхтар Тайжан баурымыздың Геройхан Қыстаубаевпен бірге біздің де атымызды атаған соңғы постының бірін оқығанда, жоғарыдағы қанатты сөз еріксіз ойға оралды. Жалаң ғана шындықты айтып, шамамыздың келгенінше қысқа түрде өз пікірімізді білдірейік.

М.Тайжан, Геройхан үшеуміз 2011 жылы желтоқсанда «Руханият» партиясының атынан 27 адам қатарында парламент депутатығына үміткер болып тіркелдік. 16-желтоқсан күні «Жаңаөзен» бұрқ ете қалды. Мен қанды оқиға жайлы естіген бойда партия жетекшісінің бірі М.Шахановтың өзіне кіріп, «мынадай жағдайда біздің партия сайлаудан бас тартуы тиіс!» деген ұсыныс айтып едім, оным қолдау таппады… Мұхтар Тайжан18-19 күндері (шамамда) Жаңаөзенге барып келді де, келген бойда «мен сайлауға қатыспаймын, партия қатарынан шығамын» деп жариялады. Әрине, бұл оның өз ұстанымы, бірақ, меніңше алдымен «бүкіл партия болып қатыспайық» деп ұсыныс жасағанда дұрыс болар еді дегенмін.

2012 жылы жазда мен М.Тайжанмен телефонда сөйлесіп отырып, оның өз автокөлігімен (жүргізушісі екеуі) Алматы және Шығыс Қазақстан облысын асықпай аралай жүріп, Баянауылдағы еліне демалуға бармақшы екенін есіттім. Сол бойда «біз Геройхан екеуміз Қазақстанды түгел араласақ деген ойда едік, ақыры Қазақстанның жартысына жуығын аралайды екенсің, онда бізбен бірге жүр әрі демеуші бол» деген ойымды айттым. Ол қабыл алды. Ақша жағынан тарығу көрген жоқпыз, оны біз реті келген жердің бәрінде талай рет айттық та, жаздық та. Тек Мұхтар ғана ол сапарды өз идеясы тәрізді етіп көрсетіп келді.

Сонымен де тоқтаса мейлі еді ғой… Біздің жазғандарымызды қомсынып, бірде Геройхан үшеуміз тұрғанда: «Екеуіңіз де журналистсіздер, бірақ, адам сияқты рахмет айтуды білмедіңіздер!» деді. Мына сөз өтіп кеткен Геройхан кейінірек болмағанды болдырып,  «жол бойында сауда жасауға мәжбүр кейуанаға 100 мың теңге суырып берді!» деп, саясаттанушы бір жолдасымыз айтқандай «құны – бір көліктік» жарнама да жасады-ау. Оны  «Қазақ үні» газеті жақсылап, жарқыратып жариялады. (“Ай, дүние–ай!..” Бұл – Мұқтар Тайжанның ашынғанда шығатын айқайы…  http://www.qazaquni.kz/2013/07/29/17539.html  ) Бәрібір, онымен «міне, енді дұрыс болды» деген  Мұхтар жоқ. Екі жылдан кейін жазбаның жалған екенін естіген кездегі әлгі  cаясаттанушы жігіттің түрі өте аянышты еді. Себебі, «Мұхтар ырза болсыншы!» деп, Геройхан бар өнерін салған ғой… 

М.Тайжан, Геройхан үшеуміз 2011 жылы желтоқсанда «Руханият» партиясының атынан 27 адам қатарында парламент депутатығына үміткер болып тіркелдік. 16-желтоқсан күні «Жаңаөзен» бұрқ ете қалды. Мен қанды оқиға жайлы естіген бойда партия жетекшісінің бірі М.Шахановтың өзіне кіріп, «мынадай жағдайда біздің партия сайлаудан бас тартуы тиіс!» деген ұсыныс айтып едім, оным қолдау таппады… Мұхтар Тайжан 18-19 күндері (шамамда) Жаңаөзенге барып келді де, келген бойда «мен сайлауға қатыспаймын, партия қатарынан шығамын» деп жариялады. Әрине, бұл оның өз ұстанымы, бірақ, меніңше алдымен «бүкіл партия болып қатыспайық» деп ұсыныс жасағанда дұрыс болар еді дегенмін.

Үшінші күні Шымкентте таңертеңгі аста қазақтың салт-дәстүрін құрметтеу жайлы жасалған ескертпеме Мұхтардың: «Меня не надо перевоспитывать! Тем более это еще никому не удавалось» деп жауап қатқан, және сол күні түсте, көне Сауран қаласының маңында, жолдағы кафеде күнгейлік жігіттердің қазақы дастарханына оның сыйламаушылық көрсеткен сәтінен бастап арамызға түсініспеушілік кірді. Амал жоқ, Мұхтармен барынша сыпайы ғана араласуға мәжбүр болдық.

Мұхтар Тайжан

Тамыздың 18-і шамасында, олимпиаданың соңғы күні, Қарқаралыдағы демалыс үйінде Мұхтардың жүргізушісі (аты есіме түспей тұр), сондай-ақ бізге өз еркімен жол көрсетуге шыққан, Мұхтарды фейсбук арқылы танитын қарағандылық Ернар Кейкин мен Мейрамсопы Мұқашев бар, алтаумыз бокстан Серік Сәпиевтің финалдық шайқасын көру үшін ұйықтамай, әңгімелесіп отырдық. (Фейсбук демекші, о бәлеңіздің енді таралып жатқан кезі, мен сапар басында Мұхтарға «үйретші» деп едім, ол «әне, міне» деп, әйтеуір үйретпеді…)

Сол жерде көп идея айтылды. Мұхтар: «мен сіздерді онша танымай-білмей жүр екенмін…» деді. Әсіресе, Геройханның қоғамдық ұйым құрып, қазақтың басын біріктіру жолына өзінің саяжайын ($30-35 мың) сатпақшы болған ниетіне қатты риза болып, сатып алушы табылмағанына өкініп, «дачаңызды барған соң мен-ақ алайын!» деді. Бірақ, сол жерде ол ойынан айнып, тек: «Гереке, сізге алғашқы бір-біржарым жылға қанша қаржы керек, менен аласыз! Содан соң өз аяғыма тұрып кетемін деп отырсыз ғой» деді. Уәде солай болаған. Бұл сөздің бәріне менен басқа әлгі үш жігіт те куә.

Өскеменге жеткенімізде Геройхан денсаулығына байланысты Алматыға ұшақпен қайтып кетті. Оған Мұхтар жол билетін алып берген болатын.

Мен Аякөзде жол апатына ұшырадым. Мұхтар айтпай тұрып-ақ, оның біз мінген көлігін өзім «жөндетіп беремін» дедім. Өз көлігім болғанда сатып, сұраған ақшасын Мұхтарға беріп, оның сол зақымданған көлігін өзіме ала салар едім… Көктем шыға (2013 ж) 2 мың доллар жинап, СТО-дағы Бек деген мастерге ходовкасын толық оригинал бөлшекпен ауыстырдым. Кузовын ауыстыру қалып еді, Мұхтар «күтпеймін, қалғанын кешірдім» деді. Солай…

Мұхтардың (жазба стилі сақталған): «Геройхан жаман хабарым бар, 3 млн.теңге бермесең жариялаймын деді» деп жүргені, Шеңгелділік шаруалардың Геройханға келіп Мұхтар бермей жүрген пияздарының ақшасын қайтартуға сұраған көмегі. Ол жердегі әңгімеде мен жоқпын, бірақ, басқа куә азаматтар жеткілікті. Геройхан 3 млн.теңгені бопсалап (шантаж жасап) жүрген жоқ, қарыздарын қайтармаса, Шеңгелділік шаруалардың Мұхтар туралы айтқан бейнесюжетін жариялайтынын ғана айтып жүр.

Геройхан Қыстаубаев

Орыстар «чтобы узнать человека, надо с ним съесть пуд соли» дейді. Біздің М.Тайжанмен 40 күн жолда бірге жүргеніміз, 40 жыл бір қалада тұрып араласқаннан артық мағлұмат берді. Өйткені, ұзақ жолсапар деген де соғыс (жорық) секілді экстремалды жағдай ғой, адамның жақсы да, жаман да жағы сыртқа шығады. Біз сол сапардан Мұхтардың ең бірінші орынға қара басының қамын қоятынына көзіміз әбден жетіп қайтты. Және ол өзіне пиар жасаудың барлық қыр-сырын мейлінше жетік меңгерген жан! Жәй адамның басына, бейне бір «елді алып, Еділді алып» келе жатқандай, бір топ жігіт-қыздарды алдынан шығартып, күтіп алғызу жайлы идея келмейді ғой!.. Жоғарыда айтылған, мен кейін түсінген, фейсбукты үйретпеудің бір себебі де сонда жатыр – дана, дара болып көріну…

Өздеріңіз көріп отырсыздар, менің Мұхтарға кеткен “ұзында өшім, қысқада кегім” жоқ. Тек оның шынайы бейнесі қандай екенін білетін адам ретінде білмейтіндермен, бүгінге дейін айтылмай келген ойыммен бөлісіп қана отырмын. Білімді, белсенді жігіттің бойында талант пен дарыны жағынан әлемде алдына жан салмайтын қазақтың адымын аштырмай келе жатқан көреалмаушылық, іштарлық, мансапқұмарлық, күншілдік, өтірікшілік секілді жаман қасиеттердің де ойып орналасып алғанына жаным ауырғандықтан жазып отырмын. Мұхтардың Геройхан ұсынған қазақтың ежелгі билер сотынан бас тартқаны да сөзіміздің дәлелі. Өзі таза адам қандай сыннан болсын қашпайтыны белгілі ғой.

Мұхтардың өзі шығарып қойған комменттердегі оны көріп-білмеген Гала Бактыбаева атты бойжеткеннің «Ана киси машинаңызды әдейі сындырған. Оларда басқа ниет болған, сізді аяқтан тарту басты ниеттері» деген сөзіне күліп қана қойсам (сірә, мен апаттан аман қалатыныма Алла-Тағаладан күнібұрын кепілдік алып қойған болдым ғой..), Жүкел Хамай есімді өзім танымасам да сыртынан сыйлайтын кісінің: «Бұл ел(?) мен келгенде солай болатын, тіпті төмен. Қайта колхоз, совхоз басшылары ақша жинап, адам бола бастады. Жалпы, Қазақстан адамзат өркениетінен 1 ғасыр артта қалған отар халық» деген сөзін оқып, күлерімді ия жыларымды білмей отырмын.

Біріншіден, Қазақстан 1991 жылы ешқандай да өркениеттен (ең құрығанда дәл сол Қытайдан, егер Жүкел сол елден келген болса) артта емес еді, оны артқа лақтырған – соңғы 25 жыл! Бұны мен Мәскеу институын бітірген инженер ретінде айтып отырмын.

Екіншіден, мен бұған дейін «в этой стране» деген сөзді тек С.Дуванов секілді, оның өзі айтқан «квартирант» орыстар мен орыстанған қазақтардан ғана естуші едім. Менің түсінігімде өз елін сүйетін адам «бұл ел» деп ешуақытта бейтараптық, немқұрайдылық, дәлірегі жаныашымастық тұрғыдан сөйлемеуі, ұнамаса келген жағына кетуі тиіс! 80-жылдары Бетпақтағы геологиялық экспедицияда «в этой дыре» деп сөйлейтін орыстармен осыны айтып, қырықпышақ болатынмын…

Мен білетін Геройхан Қыстаубаев ұлт мүддесі үшін “өз етінен ет кесіп беріп жүрген” адал азамат! Болмаса, елдің Темірхан Медетбеков, Софы Сматаев, тағы басқа да атақты ақсақалдарын, қоғам қайраткерлерін жинап, жалпы саны 70-80 адамның (2011ж, мамыр) алдында: “Мен саяжайымды сатып, содан түскен қаржыны ұлтымның басын біріктіруге жұмсаймын. Сіздерден өтінерім: ақылдарыңызды айтып, пәрменді қолдау көрсетіп отырсаңыздар және мүмкіндіктеріңіз болса, осы саяжайды сатуға көмектессеңіздер екен” деп, айтар ма еді?! Мен Геройханның бұл бастамасы өзге қалталы азаматтарға ой салсын деген мақсатта, сол кезде үлкен мақала да жазғанмын. Ол жиналысқа Мұхтардың өзі де қатысқан.

Ал, Мұхтар Тайжан – еліне жаны ашыған болып көрініп, әр жағдайға қарай әр түрлі сөйлеп жүрген адам. Жер комиссиясындағы сөзін саралаған адамға ол тайға таңба басқандай көрініп тұр. Болмаса, алты адамның ортасында берген уәдесін еркекше орындамай ма? Кім тілінен тартты? Геройхан сол уәдеге сеніп, қоғамдық ұйым тіркеймін деп төрт жыл жүрді! Енді тіркегенде, келіскен адамы “лақтырып”, оның үстіне “Геройхан маған шантаж жасады” деп, қаралап жүр. Масқара емес пе оның бұл ісі?!

Артына айтылмаған сөз қалдырмаған Абай атамыз бізге баяғыда ескертіп кеткен: «Кісіге қарап сөз алма! Сөзіне қарап кісіні ал!» Абайдың сөзіне құлақ салу-салмау – әркімнің өз ісі…

Өмірзақ  Өмірзақ Ақжігіт,

Фейсбук парақшасынан алынды

Дерекөз: Juldizdar.kz

Comments

  1. admin Авторы 3 Қыркүйек, 2016, 19:40

    Өмірзақ Ақжігіт: Масқара емес пе, Мұхтардың бұл ісі?!.
    Геройхан ұлт мүддесі үшін “өз етінен ет кесіп беріп жүрген” адал азамат!
    https://gu-gu.kz/?p=28945

  2. admin Авторы 3 Қыркүйек, 2016, 20:20

    Мұхтар біздің баламыздай..Өмірзақ пен Геройхан қазағым деп шырылдап жүргенде бұл шигол əлі тумаған..Болатхан ағаның аруағын силайды бəрі.əйтпесе Мухтар ешкім емес. Халелхан Ибрайымханұлы

  3. Болат 34 3 Қыркүйек, 2016, 20:34

    Африканың Сахара ұшан-теңіз шөлінде тұратын туарег деген тайпалықтар қарақшыны кездестіргенге қуанатын көрінеді (сөйлесуге адам тапшы).Біз де солардай аз халықпыз ғой . Бір – бірімізді көруге шат болайық. Бір -бірімізді даттай бермейік. Айтысты жолға қою үшін , Жүрсін Ерман «шайтанменен де дос болуға бардым» депті. Кемшіліксіз адам болмайды. Жақсы жағын көре білейік,сонсын пайдаланайық . Мұрат Тайжан жаман жігіт емес, жақсы жағын пайдалана білейік.Қатын құсаған алауыздықты қойыңдар, тоқтатыңдар.

  4. алашордалык 4 Қыркүйек, 2016, 14:47

    Мен Мухтар Тайжан туралы огаш пiкip айткан Айнур Курмановтын созiнен кейiн Мухтарга деген пiкipiм озгерген едi Ал мiне Омipзак Акжiгiттiн макаласынан кейiн оган мулдем кырын карап кеттiм Мухтарга оппозиция серкелерi берген мiнездемеге карап отырсам ол елбасынын жас шагын еске тусipeдi екен Абай атамыз айткандай:»билiк биiк шын оган калыктап ушып кыран да ормелеп журiп жылан да шыгады»елбасы жыланша ормелеп билiкке келce Мухтарда кыранша калыктап ушканша жыланша ормелеп шыгуды максат еткен гой елбасынын жолын куып дегендей Елбасыдан азап корген алаш елiн ендi Мухтар Тайжан алдай алмайды Казах бауырларым демократия ушiн куресiмiзде отка салса куймейтiн суга салса батпайтын улт жанашырларымызды билiкке келтiрeйiк Суперхандык билiк жойылсын!Алга отандастар!

Пікір жазу

<