Ауызашарда ақшаға таласқан әншілер жаға ұстатты (фото)

Ауызашарда ақшаға таласқан әншілер жаға ұстатты (фото)

Бүгін – қасиетті ораза айының оныншы күні. Өнер жұлдыздары бірінен соң бірі ауызашар беріп, әріптестерінің басын қосуда. Ал, жас кәсіпкер Досбол Маликомар ауызашарды ерекше өткізді. Ол ораза ұстаған өнердегі барлық жұлдыздың басын қосып, спортты насихаттады.

bandicam 2017-06-04 23-38-21-161

Бұл туралы ауызашардың қонағы болған Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Ашық аспанда өткен ауызашарға Сәкен Майғазиев жұбайымен келді. Продюсер Ерғали Әбдірайымов, Бауыржан Есебаевтар да қонақтар қатарынан орын алды. Жиынға Мақсат Базарбаев, Ренат Баситов, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, «Диета.кз», «Жігіттер» тобының мүшелері түгел қатысты.

Әуелі Құран оқылып, артынша өнерпаздар спорттан бақ сынасты.

Қайрат Нұртас кеудені жерден көтеруде үшінші орын алып, 10 мың теңгені қанжығасына байлады.

bandicam 2017-06-04 23-34-20-811

Той жүргізушісі Төреғали Төреәліні қанша шақырса да, әнші жарысқа шықпады.

bandicam 2017-06-04 23-36-28-789

Ал, Сәкен Майғазиев 24 адам қатысқан спорт түрінен төртінші орыннан көрінді.

bandicam 2017-06-04 23-33-46-908

«Өте тамаша сезімдемін. Енді менімен сынаққа түскендердің барлығы жастар. 24 адамның ішінде төртінші орын иелеудің өзі күш. Мен өзім спортқа жақынмын. Футбол ойнаймын. Бірақ соңғы бір жылда волейбол, баскетболға көңіл бөліп жүрмін», – дейді ол.

bandicam 2017-06-04 23-33-55-819

Бауыржан Есебаев пен Ренат Баситов білектерінің күшін көрсетті. Жас әншіні продюсер жығып алды. Оған да кәсіпкердің өзінің сыйы болды.

bandicam 2017-06-04 23-35-22-459

Гір көтеруден де бәрі жанталасты.

bandicam 2017-06-04 23-36-05-265

Спорттан кейін имам ораза ұстаған жамағаттың діни білімдерін тексерді. «Өнер қырандарының» жігіттері Құрандағы сүрелерді жатқа айтып, кітап ұтып алды.

bandicam 2017-06-04 23-31-55-411

Ерекше стильде ұйымдастырылған ауызашар осылайша той іспетті өтті. Кәсіпкердің көздегені де сол екен.

«Мен қаншама ауызашарларға барып жүрмін. Бірақ биыл ерекше өткізгім келді. 180 адамның басын қостым. Бұл жерде спортты насихаттап, діннен сабақ алу. Әрқайсысына берілген сыйлығым олардың көңілін көтерер деген ой еді», – дейді кәсіпкер Досбол Маликомар.

Санаттар: Жаңалықтар

Comments

  1. пікірші 5 Маусым, 2017, 14:15

    «ауызашардағы жарыс» немесе «Ерекше өткен ауызашар» десе де халық оқитын еді. Ауызашарда ақшаға таласқан әншілер жаға ұстатты деп рейтинг үшін күнәға қалмаңыздаршы

  2. Қолқоюсыз 6 Маусым, 2017, 00:45

    Қасқырдың аузы жесе де қан жеме се де қан дегеннің кері келіпті ғой.

  3. Әгугәй 6 Маусым, 2017, 01:28

    Ғылым-техникадан сауаты жоқ надандардың екі нәрсесі дамиды, бірі денесі, бірі діни фантазиясы

  4. Гулнара 6 Маусым, 2017, 03:03

    Ия ауызашарда спортпен жарыс отсе не бопты кайта жеген тамактары бойына синеды кимылдап.отырып алып осек айтканнан жаксы .шынындада ерекше ауызашар откизипсиз ага.сыйлык берген жаксы пайгамбарымыз айткан екен бир бирине сыйлык бериндер олда суннеттин бир туры екен Оразаларыныз кабыл болсын агайын казак бауырлар

  5. Аман 7 Маусым, 2017, 20:19

    Акшага таласты дегенге тобелесип калган екен десем. Такырыпты дурыстап жазса кайтеди

  6. Шынар 10 Маусым, 2017, 01:51

    Ақшаға таласып жаға ұстатты дегенге менде төбелескен шығар деп ойлап қалдым. Өнер адамдары халық алдында жүргесін ондай іске бармайтын шығар депте ойладым, оқымай тұрып. Негізі тақырыпты расынанда дұрыс жазбаған екен. Бұл туралы Сакен ағамыздың инстаграмда жазғанын оқып алғанмын. Тамаша өткізілген ауыз ашар болған екен. Ниеттері қабыл болсын!

  7. Қолқоюсыз 20 Мамыр, 2020, 02:03

    Жай халыкты жинап, халык арасынан откызсен дурыс еды, акшасы барга акша сый жасамай.

Пікір жазу

<