Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премер-министр Бақытжан Сағынтаевтан ұлттық кірісті бөлу жүйесін қарауды өтінді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Қазақстан кедей елдер қатарына кірді. Сарапшылар отбасындағы кіріс пен олардың қарызын есептеген. Елімізде отбасы кірісі азайып, қарызы өсіп жатыр», – дейді Қоңыров.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе ұлттық кірісті тарату жүйесімен байланысты.

«Осы себептен біз бай мемлекет саналамыз. Бұл шикізаттық емес экономиканы дамытуда және өмір сүру деңгейін көтеруде негізгі кедергі болып табылады. Бұл туралы елбасы да жиі айтып жүр», – дейді Қоңыров.

Мәжіліс депутаты квазимемлекеттік сектор мен екінші деңгейлі банктердегі, қаржы саласындағы қаражатты бақылауды күшейту туралы ұсыныс айтты.

Оның айтуынша, алдымен экономиканы көтеріп, ұлттық байлығымызды дамытып, содан кейін ғана ұлттық кірісті бөлуді қолға алу керек.

Comments

  1. Асқао 7 Желтоқсан, 2017, 12:12

    Мың шақты адам өте шіріген бай қалғандары кедей ел тек біз шығармыз дүниеде.

  2. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 15:46

    ЖЕЛТОҚСАН келе жатыр ма , жоқ бұлардың расымен де миларындағы жасушалар жұмыс істей бастады ма? біреуі(01) сырттағы млрд долларды әкеліп жұмыс жасатыңдар десе, екіншісі ағылшын тілді мектептен алу керек, ал мынау халық кедей деп сөйлеп кетті ғой өзі , қай сасқандары екен?!

  3. жеткен 7 Желтоқсан, 2017, 20:49

    «шаршаған сиыр алуан-алуан боқ тышар» деген осы шығар.

Пікір жазу

<