Басты тақырып Әдебиет

Қадыр Мырза-Әлінің әкімнен қалай ақша сұрағанын жазу кімге үлгі?

Жас ақын Ақберен Елгезек қазақтың әйгілі ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза-Әлі туралы «Мен көрген Қадыр» атты естелігін жазып, оны «Ұлт» порталында жариялапты. Қош!

Бір оқып шықтым да, кәдімгі інісінің ағасын мақтауы, еске алуы шығар деп мән бермедім. Алайда сол жазба күн ұзақ көкейімнен кетпеді. Өзім жастайымнан Қадыр ақынның өлеңдерін жаттап өскесін бе, оның тұлғасы өзіме біртүрлі ыстық боп көрінеді.

Мақала иесі де түрлі жазбаларымен елдің аузында жүрген Ақберен деген сауатты бауырым. Басында үндемей-ақ қояйыншы деп едім, кейін ұялдым. Өзімнің сүйікті ақынымның аруағынан ұялдым.

Ақберен бауырым Баянауыл ауданындағы бір дүбірлі тойға барғанын жазыпты. Сол тойға Қадыр ақын бастаған ел зиялылары да қатысты.

Ары қарай автордың сөзі:

«Әлгі отырыс аяқталуға шақ қалды. Қорабай Шәкіров деген әкім болған ол кезде Баянауылда. Отырысты қорытындылай келе әлгі кісі үлкен адамдарға конверт тарата бастады. Көз алдымда әлі. Сол конверттер неге екені 

белгісіз өте қалың еді. Кешегі мүшайрада да алған жүлдемізді де сондай қалың конвертпен алғанбыз. Сөйтсек, іші жыпырлаған 200 теңгеліктер екен. Заман сондай болды па, неге солай боп қалды, білмеймін. Қысқасы бәрі тойдың сарқыты деп мәз боп алып жатты. Қадыр аға бір кезде Қорабай Шәкіровке әзілдеп айқай салды: «Әй, Қорабай, менің кәстөмімнің бір жағы түсіп кетті ғой, маған былай бір жағым қисайып жүру өте ыңғайсыз, қарағым» – деп қуақыланып бір жағына қисайып көрсетті. Сөз тапқанға қолқа жоқ, әкім көмекшісіне ым қақты, әлгі конверттің тағы біреуін суырды. Әкім әлгіні Қадыр ағаның екінші қалтасына салды. Қадағаң риза кейіппен: е, міне енді жөн болды! – деп кәстөмін тепе-тең қып алып, сыртқа қарай бет алды» – дейді автор.

Ол тойда болғанымыз жоқ. Алайда, осы жазуға болатын дүние ме? Бұл Қадырдың қаншалықты ұлы ақын екендігін көрсететін  естелік пе? 

Мақала иесі Қадыр ақынды «ағам, көкем» деп мақтап алып, мынандай дәлелсіз фактіні ортаға тастап кеп жіберуіне не себеп екен? Бұл өзі Қадырды мақтау ма, даттау ма, түсінбедім? Мақтау деп айтайын десем, автордың мына мақаласында ақынның образы ақылға қонымсыз ғой.

Одан ары Қадырдың Төлеген Айбергенов туралы естелігін келтіреді:

«Төлегенді большевиктер әдейі арақ ішкіздіріп өлтірді деп отыратын. Өйткені Төлеген артынан адам ертіп кете алатындай атақты болды, оратор еді дейтін. Сары аурумен ауыратынын біле тұра, ішкізді иттер дегені есімде қапты» – дейді Елгезек.

Астапыралла! О заман да, бұ заман енді Төлегеннің қандай аурумен ауырып, қанша арақ ішкенін де айту қалды ма? Айтса айтқан шығар, бірақ бұл осылай көпшілікке шығаратын сөз бе? Төлегеннің бала-шағасы бар, ел-жұрты бар. Қалың оқырман бар. Енді соларға Төлегендей аймаңдай ақынның қандай аурумен ауырғаны туралы жаңалық ашу дұрыс па?

Айналайын, Ақберен бауырым, сонда Қадырдың қасында қанша уақыт жүргенде есіңде қалғаны осы ғана ма? Ұлы Қадырдың әкімнен ақша дәметіп, Төлегеннің ауруы туралы айтқаны ғана есіңде қалды ма? Ұлы ақынның есіңде қалған өсиеті, жадыңа түйген ұлғатты сөзі осы ғана ма? Ақынның әкімнен ақша дәметкенін айту ғана қалып па?

Осыны оқыған ел не ойлайды? Сонда өзің де қай жерде отырсаң да, конверттің қалың-жұқасына қарап отырады екенсің ғой. Біреу сыйлап жатса, оны 200 теңгелік майда ақша деп майдаланып отырғаның қай сасқаның? Сол ел мен әкім Қорабайға қораштық танытып отырғандай.

Бұл қазақтың қадыріне айналған ақынның қадірін арттыратын сөз емес-ау, сірә…

М. Ерғали

38 Comments

  • Ақберен кім?Қадыр-Мырзалы кім?Бұл не деген ұятсыздық ,бақилық болған адамның өткен өмірінде не шаруасы бар,тірілер жетпейме неге сонша азаматтар төмендеп барады!!!

  • Ақберен Елгезек десе тап сол елгезектін өзі екен . Мақтап отырып даттайтын жазушыма деп қалдым , ол Қадыр ағамен бірге болғанбыз , сөйлескенбіз , жүргенбіз , мен ондай баға бере алмаймын ,өлгеннің артынаң жаман сөз айтпайды деген бар , бұл не сонда өлікті қаралаума , өте қорқынышты , қасында жүріп ,өтірік күліп , түсіретіннің өзі екен . Бүндайларды екі жүзді жазушы демеске амал барма .

  • Қадыр мен Тұманбай туралы жазушы Темірғали Көпбаев фейсбукте керемет естелік жазыпты. Оқып отырып жаның сүйсінеді. Жазса солай неге жазбайды екен. Демек көздегені басқа болды ма деп қалдым…
    Міне сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=570724833271315&id=100010014108755

  • Ұят екен…мен бала кезімде Қадыр Мырзалиевтің « Күміс қоңырау „ деген кітабы шыққанда №12 Алматыдағы С.М.Киров атындағы қазақ мектебіңе тегін үлестіргенің есімде…сол кезде көп ақын жазушылардың балалары сол мектепте оқитын…Қадыр ағаның ұлдары Қуанышта оқыды…өте алғыр,зерек жақсы оқып еді.Ол кезде кітап шықса жақсы гонорар беретін 4000-6000 сом.ол көп ақша болатын.

  • Калкына кесирин тигизбесе аруакпен алысып не ушин керек болды екен онсызда казирги когамдагы жагымсыз келенсиз дуниелерди неге ортага салып талкыламаска олгеннин артынан сөз.айтуды өсек сөз.деп есептеймин

  • ФБ кейінгі кезде өсек аяңның аренасы болып кетті, не болып барамыз? Жамандамаған адам қалмады ,енді өмірден өткен ақындарды , батырларды жамандау қалды ма?

  • Ана жас акынын нагыз кырт кой. Дени дузу адам еш уакытта олгенин артынан хайбат соз айтпайды. Ал ол болса сол жазбасы аркылы озине упай жинегысы келгенгой.

  • Муқаң айтып та кеттіп еді ғой . Жазылар естеліктер мен тұралы . Біреулер өр еді дер өр тұлғалы . Біреулер тұлпар еді деуде мүмкін. Бүтінделмей кеткен ер тұрманы . Бірақ ешкім қазбас менің былық шылығымды деп. Ал не жазсақта ойланып жазайық ағайын .

  • тірі кезінде айтып жазбағасын , бұл өтірік болады , оған мен қалай сенемін , жазғанда да бір носы барғой , ақшаны сұрап алды ,ал мен бергенің алдым деп қаралап отыр ,

  • Автор М. Ерғали өте орныды жазыпты. Бірақ әйтеу жазған екенсің авторын толқы көрсетіңдер.
    М.Қадырдың ол мінезін қалжың ретенде жазған шығар Ақберен өзі арақ сұрап ішетін ертен ұрпақ жазатын шығар. Ақберенннің қатты боқ ауыз екенінн ертен ұрпақ оныда жазатын шығар.
    Бірақ орыстар Төлегенді қалай өлтіргені жайлы жазу керек.Ол жерін дұрыс көріп отырмын. Сары десе не болыпты сары деген бауыр ауруы ғой Сарымен аурған адам арақ ішсе тез өті бұзылып ішкі құрылыс реакциясы бұзыліп өледі. Оны елдің бәрі біледі.

  • Атың шықпаса жер өрте деген жетесіздің тірлігі ғой .Аруаққа тыныштық бер Ақберен.Қайтқан адамның артынан тек жақсы сөз айтады өзі мұсылман адам.

  • Сейфуллин сәкенмен алысты, қонаев димекеңмен алысты, енді қалғаны осы еді. Жалпы қазақ халқын қаралау саясаты да.

  • Ақберен биліктің құйыршығы, көре алмастықпен, яки тапсырмамен жазып отыр. Өзінің оңбаған екенін дәлелдеп отыр. жолы болмаған байғұс, осылай көзге түскісі келетін әдеті.

Пікірлер

9 + 8 =