Жаңалықтар

Ішімдік ішіп жарысқан қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ғаламторда ішімдік ішуден жарыс ұйымдастырған қыздардың видеосы жарияланды. Бұл туралы alashainasy.kz жазды.

Видеодан байқағанымыздай, он шақты бойжеткен стаканға алкогольді ішімдік құйып өзара жарысып жатыр.

Қыздардың “Кім бірінші тауысады?” Түбіне дейін ішу керек” деген сөздері анық естіледі.

Олар бір уақытта ішімдік толы ыдысты сіміре тауысты. Тіпті, араларындағы бірінші тауысқан қызға қошемет білдірісіп жатыр.

Желі қолданушылары қазақ қыздарының жеңілдектігі мен тәрбиесіздігіне ашуланды.

“Қазақ қызы, не болып барасың?”, “Тәрбие көрмеген бе?”, “Қыздардың жеңілтектігі күйіндіреді” деп жазды пікір қалдырушылар.

Пікірлер

4 + 8 =