Қаңтар айы – саяхат айы! Елімізге танымал жұлдыздар әр жылдың басын шетелде өткізуді әдетке айналдырған. Олардың басым дені күннің суығында Таиланд, Дубай сынды ыстық мекендерге аттанады. Ал әріптестері бір демалыстан келе алмай жүргенде Ерке Есмахан қаңтар айында екі елге саяхаттады, деп хабарлайды Stan.kz.

Тауық жылында айтарлықтай табысқа кенелген әнші оның сырын өзгеден емес, өз бойындағы өзгерістерден іздейді. Айтуынша, адам жақсы ойлап, арман жолында әрекет еткен сайын діттегеніне жақындай береді.

“Адамға сенім керек. Ең əуелі Аллаға, сосын өзіне! Өз күшіне, өз мақсатына, арманына! Мақсаты бар адам əрекетсіз отырмайды. Əрекет еткен адам қадамдап дегеніне жетеді. Тек сену керек! Меніңше, мен өзіме сене бастағаннан бері, армандарым жəймендеп орындалып жатыр! Халық ықыласын армандадым, жер-жерге саяхаттауды, т.б. армандадым. Арман мақсатқа айналған күні əрекет ету (дəлірек еңбек) басталды. Сосын сенімділік келді! Сенім келгенде бəрі біртіндеп бола берді.

Мен махаббатқа да сенем! Жүрегім қалаған ЖАНға сенем! Оның махаббатына, адалдығына, сезімінің шынайылығына сенемін! Тосқауылдар мен кедергілер болса да, мен жүрегімнің сыбдырына ғана құлақ асам. Мен ол жанды кездестірдім бе, жоқ па – бұл сұраққа жауап табатыныма да сенем! Сіздерге де кеңесім: өзіңізге, жүрек үніне, армандардың орындалатынына, ғажайыпқа, махаббатқа екінші жартыңызға сеніңіздер! Сенім ақталады! Мальдивыдан жалынды сəлем!” – деп оқырмандарына хат жолдады Ерке Instagram парақшасы арқылы.

Әнші Мальдив аралдарында ұлы Мүсліммен бірге демалып жатыр. Суға түсіп, күнге қыздырынып, тіпті дельфиндерді қызықтап үлгерген әнші қызықты сәттерді қалт жібермей, желіде бөлісуде. Сіз де тамашалай отырыңыз…

 

Пікірлер

8 + 4 =