Қайын атасы той үстінде жаңа түскен келінінің ерніне жабысып, ақыры үлкен төбелеске ұласты, – деп жазды kaz.365info.kz.

Ұятсыз қайын ата, тіпті артынан ел алдына шығып, кешірім сұрауға мәжбүр де болыпты.

Бұл оқиға Қытайдың Яньчэн қаласында орын алған деп хабарлайды Life.

Видеода қолында микрофоны бар қайын ата келінінің қолынан ұстап алып, ортаға алып шығып келе жатады. Тост айту үшін болуы керек. Бірақ келін бұлқынып, қайын атасын жақтырмай келе жатқаны байқалады.

Бірақ іс мұнымен бітпейді. Аяқ-астынан қайын ата қасындағы келінді артқа шалқақтатып, ерніне жабыса кетеді. „Ойбай„ деген елдің барлығы шулап, екеуіне қарай тап береді.

Бұл видео Қытайда хит болған. Бірақ жаңадан отау құрғандар мәселені ушықтырмауды, бұлай атақтарын шығарғысы келмегендерін айтып, өздерін жайына қалдыруларын сұраған. Ал кінәлі қайын ата ел алдында кешірім сұрады.

Ол кісінің ақталғанда айтқан сөзі:

„Көп ішіп, мас боп қаппын„.

Көпшілік „келіннің әуелден қайын атасымен байланысы болған шығар„ деп топшылайды.

Пікірлер

1 + 2 =