2017 жылы Өзбекстанда дін жолына түсіп, лаңкестікке барған экстремистерді оңалтып, қалыпты өмірге қайтару жөніндегі бағдарлама іске қосылды. Бұл шара қандай нәтиже береді? Адасқандар қайта үйіріне қосыла алар ма екен? 

Адасқанның айыбы жоқ па?..

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы маусымда Шавкат Мирзияев үкімет отырысында дін жолында радикалдық бағытты ұстанғандардың «қара тізімін» қайта қарап, аталмыш тізімнен мемлекеттке қауіп тудырмайтын, бейбіт өмірге қайта оралған азаматтарды сызып тастауды ұсынған болатын.

Осы орайда, өзбек басшысы сүрінгендерді қоғамнан шет қақпау қажеттігін алға тартқан еді.

Оның үстіне,

«адасқанның айыбы жоқ..» демекші, экстремизм жолына түссе де, қатесін түсініп, «үйіріне қайта қосылғандарды».

Міне, осыдан кейін елдің барлық өңірлерінде арнайы топтар құрылып, олардың құрамына ішкі істер органдары, арнайы қызмет,  прокуратура және хокимият қызметкерлері, діни бірлестіктер, мешіттер және тағы басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Осы топтар күнделікті кезінде радикалдық ағымдарды ұстанып, соның салдарнына «қара тізімдерге» кіргізілген азаматтармен танысып, олардың бүгінгі тұрмысын, азаматтық ұстанымын зерделеп, олардың отбасымен, көрші-қолаңмен әңгімелесіп, қажет болған жағдайда оларға көмек көрсетіп, қол ұшын берді.

«Экстремистік ағымдардың шырмауына ілінген әр азаматқа қатысты құжаттар мұқият зерделеп, діни басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың туыстары мен көршілерінің пікірін ескереміз.

Міне, осы зерделеу мен пікірлердің негізінде комиссия тиісті шешім шығарады», — Өзбекстанның ішкі істер министрі Пулат Бобожонов.

Алғашқы нәтиже

Сөз болып отырған «қара тізімнің» өзі үш санаттан тұрады екен:

  • Адасқанын мойындаған діндарлар;
  • Бір шешімге келе алмай дал болған діндарлар;
  • Радикалды көзқарастағы діндарлар.

Атап айтарлығы, егер үшінші санаттағы діндарлар өздерінің экстремистік ұстанымын бас тартпайтын болса, онда арнайы топ мүшелері олардың ел азаматтығынан шығарылатыны және қамауға алынатыны туралы ескертеді.

Ал егер радикалды көзқарастағы діндарлар экстремистік ұйымның қызметіне қатысудан және өздерінің діни ұстанымынан бас тартатын және діни ілмге көзқарасын өзгертетін болса, билік оларға арнайы рақымшылық жасайтын болады.

Міне, ел арасында жүргізілген осындай ауқымды жұмыс өз нәтижесін беруде.

Мәселен,

арнайы топтардың жүйелі жұмысы арқасында адасқанын мойындап, радикалдық ұстанымнан бас тартқан діни-экстремистік ұйымдардың 18 мыңнан астам мүшесі анықталды.

Сөйтіп, өткен жылдың барысында осы «адасқан жандардың» барлығы дерлік арнайы есептен шығарылды.

Бұдан бөлек, жергілікті билік органдары өмірді жаңадан бастауға ұмтылыс білдіргендерге жұмысқа орналасуда көмек беріп, оларды қоғамдық қызметке тартуда.

Жүйелі және жоспарлы жұмыс

2018 жылдың басында Өзбекстанда Ел дамуының 2017-2021 жылдарға арналған басымды бағыттары бойынша стратегиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

Бағдарлама 5 тармақтан тұрады, олардың ішінде қауіпсіздікті, ұлтаралық келісімді және діни толерантылықты, яғни төзімділікті қамтамасыз етуге арналған бағыт ерекше орын алып отыр.

Міне, осы тармақ аясында шетелде тұратын және жұмыс істейтін отандастармен өзара қызметтесу бойынша Мемлекеттік саясат тұжырымдасын жасау және жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ экстремистік идеялардың шырмауына ілінген азаматтарды әлеуметтік оңалту және оларды қайтадан үйреншікті әрі салауатты «үйіріне» қосу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланған.

Сонымен бірге,

ел, әсіресе, жастар арасындағы діни ағарту жүйесі қайта қаралатын болады.

Тұжырымдамада қарастырылған осы шараларды жүзеге асыруға 13,5 трлн сум және 1,3 млрд доллар жұмсалмақ.

Ел президенті Шавкат Мирзияев 30-маусымға дейін зиянды діни идеяларды таратудың алдын алу, азаматтарды, әсіресе, жастарды кешіріп, оларды салауатты өмірге қайтару жөніндегі жұмысты жандандыратын жарлық жобасын дайындауды тапсырды.

Сөйтіп,

Өзбекстан Орталық Азияда радикалды діни ағымдармен күресте жаңа тәсілдерді пайдалануға көшкен алғашқы ел болды.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Пікірлер

4 + 2 =