Болат Назарбаев жас жұбайларды тойында болып, жастарға батасын берді. Той видеосы Инстгарам желісінің 100baksoff_ тобында жарияланды,- деп жазды stan.kz.

Мейрамхананың безендірілуі ерекше, қонақтар саны да көп. Ас та төк тамақ. Бұл көріністер той иелерінің ауқатты отбасы екенін аңғартады.

«Назарбаев Болат Әбішұлына сөз беруге рұқсат етіңіздер», – деп асаба ерекше құрметпен Болат Назарбаевтан бата сұрады.

Көпшілік қошемет көрсетіп жатты. Болат Әбішұлы бата беріп, жас жұбайларды құттықтады. Соңына достарының атынан көлік кілтін ұсынды.

“Екі жас үбірлі болсын, үбірлері көңілді болсын.

Ата анаға берік болсын, Он саусағы майысқа шебер болсын.

Шындықты айтар ақын болсын,

Ер қорғайтын батыр болсын.

Абыройлығы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін”, – деп бата берді.

“Екі жас бақытты болсын. Кәрі тісті шал болып, өмір бақи бірге болыңдар. Достарының атынан Infiniti көлігінің кілтін сыйлаймыз”, – деп жастарға көлік кілтін ұстатты.

Болат Әбішұлы жас жұбайлардың жанына барып, бетінен сүйіп құттықтады. Той қонақтары ішінде Мақпал Жүнісова мен Нұрлан Абдуллин де бар.

Пікірлер

8 + 1 =