Қазақстандық спортшы  Қуат «Найман» Хамитов қашқында жүрген олигарх Мұхтар Әблязовқа хат жолдады.

Бұл туралы Қуат Хамитов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мүмкін Еуропада отырып алып, халықты өшіктіруді қоярсың. Сен Еуропада, ал халық осында. Бүлікке шыққандар мен ұсталғандар отбасыларын асырау үшін жалақы алатын қарапайым адамдар. Егер сен соншалықты ақылды болсаң, жасырынбай елге кел. Қазір қиыншылық көріп отырған адамдармен бірге бол!»,-деді Хамитов Instagram-дағы парақшасында.

Естеніңізде болса, БТА Банкінің экс-басшысы Мұхтар Әблязов 2009 жылдан бері шетелде жасырынып жүр. 2017 жылдың маусым айында Алматыда оған банктің қаражаттарын ұрлағаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Бұрынғы банкирдің келтірген зиянының жалпы сомасы 7,5 миллиард доллардан асады.

Өткен бейсенбіде Астанада Еуропалық Одақ өкілдігінің ғимаратында заңға қайшы «саяси тұтқындарға қолдау көрсету» митингі өтті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерді ұстаған болатын.

Пікірлер

8 + 6 =