Facebook және Instagram қолданушылары жолаушылар автобусы жүргізушісінің рөлде келе жатып, смартфонынан порнографиялық видео көргені түсірілген бейне жазбаны талқылап жатыр.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бейне жазба Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды. Жарияланым авторларының айтуынша, бұл видео Алматыда түсірілген. Қолданушылар жүргізушінің бұл әрекетін айыптап, рейске шығар алдында телефондарын алып алуды ұсынды.

«Қоғамдық орында мұндайды көруге бола ма екен, үйде көр, мархабат, бірақ жұмыста емес, қуады», — деп жазды tomi3688 деген қолданушы.

«Расында да автобус жүргізушілеріне смартфон ұстауға тыйым салу керек. Шұғыл қоңырауға қарапайым телефон жетеді», — деп ұсынды iriskz583.

Тасымалдаушы компания өкілдері егер ол адамның автопаркке қарасты екені анықталса жүргізушіні жұмыстан шығаруға сөз берді.

«Оның біздің жүргізуші екенін растайтын ақпарат келіп түссе, ол жұмыстан қуылады. Бізде бұйрық бойынша, рейс кезінде гаджет, телефон қолданғаны үшін бір ғана жаза қолданылады — жұмыстан босату», — деді «Алматыэлектротранс» ЖШС басшысы Ризван Цинаев.

Айта кетейік, биыл сәуірде №80 автобустың жүргізушісі жолақасын SMS арқылы төлеген қызды балағаттады. Наурызда «Green Bus Company» ЖШС жүргізушісі рөлде бәліш жеп, телефонмен сөйлесіп, «Оңай» билетін сұрағаны үшін жолаушыға балағат сөздер айтты. 2017 жылы желтоқсанда №32 автобустың жүргізушісі тұрғындардың жағасын ұстатты, ол рөлде шылым шегіп, телефонмен сөйлескен.

Пікірлер

6 + 3 =