Жаңалықтар

Жүрегіне ине қадалған сарбазға қатысты жаңа мәлімет шықты

Ақтауда азаматтық борышын өтеп жүрген Самат есімді сарбаздың жүрегіне екі ине қадалған болатын. Бастапқыда оған қалай көмектескен жөн болатынын білмеген дәрігерлер сарбазға сәтті ота жасады. Нәтижесінде Саматқа қадалған иненің біреуін алып тастады деп жазады 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Дәрігерлер ота жасап, тері мен сүйек арасындағы 1 инені алып тастады. Ал, жүрекке жақын тұрған екінші инені шығаруға әлі уақыт керек дейді мамандар.

Дәрігерлер, осы отадан кейін Самат күш жинауы қажет екенін айтуда. Содан кейін, кардиохирург мамандармен бірлесіп жүрекке кіргелі тұрған инені алып тастауға тырысып көрмек. Ал, әскерилер мен прокурорлар болса, бұл мәселеге қатысты тексерістің нәтижесін әлі айтқан жоқ.

Пікірлер

9 + 1 =