Жаңалықтар

Құрбанын аңдыған адамға ұқсас белгісіз мақұлық әлемді дүр сілкіндірді

Желіде Канаданың Квебек қаласына жақын маңда түсірілген қорқынышты видео таралып жатыр. Кадрдан адамға ұқсас белгісіз мақұлықтың жайлып жүрген бұланды аңдып тұрғаны байқалады деп жазады life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Желі қолданушыларына бұл белгісіз мақұлық әйгілі «Властелина колец» фильміндегі Голлумды еске түсірген.

Ал кейбір пікір қалдырушылар жұмбақ бейнені видеоны түсіріп тұрған автокөліктің дағы деп топшалаған. Алайда бұл нұсқа видеодағы мақұлықтың неліктен қимылдап, құрбанына жақындап келе жатқанын түсіндіре алмайды.

Пікірлер

2 + 1 =