Белгілі қоғамдық омбудсмен Дина Елгезек Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

– Ширек ғасырдан да көп уақыт бердік Президентке. Қазақстанды армансыз басқарды. Енді еш өкпесі жоқ шығар бізге. Мен, Дина Елгезек, Президенттің отставкаға кетуін талап етемін! Ешбір саяси ұйымның мүшесі емеспін. Мен жай ғана Қазақстан Республикасының азаматымын! Мемлекет Басшысының ел алдында атқарған қызметі ұшан-теңіз. Сол үшін алғысым шексіз. Бірақ, 30 жыл бір адамның мемлекет басқаруынан елдегі саяси-экономикалық-әлеуметтік жағдай тым күрделеніп барады. Экономикадағы афералық ойындар, саясаттағы былықтар, адам құқын таптаудағы бассыздықтарға тоқтам болуға тиіс. Және елдегі мұндай бардактың одан әрі жалғасуы мүмкін емес. Мен өзгерісті құп көремін. Елдің кемел келешегі үшін ең бірінші кезекте саясатта ашық әрі әділ бәсеке болуға тиіс. Ел ішінде әділ сайлауға түсуге даяр саяси күштер қалыптасуы керек. Және Аллаға шүкір, саяси бәсекеге дайын мықты тұлғалар кемеліне жетіп өсіп келеді. Орныңызды босатып, орын беріңіз жастарға! – деп жазды Елгезек әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

1 Comment

Пікірлер

6 + 8 =