«Qazaqstan» телеарнасы АҚ басшысы Ерлан Қарин ережесіз жеке-жек шебері Қуат Найманның әлеуметтік желіде көтерген мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, жауап қатты, – деп хабарлайды kaz.365info.kz.

Айта кетелік, алдында Қуат Найман өзінің желідегі парақшасында отандық спортшыларға, жанкүйерлерге жаны ашып, қан жылатып жазба жариялаған еді.

„Индонезияда Азия ойындары өтіп жатыр, білесіздер ме өзі?.. Иә, оны көре алмайсыздар, спортшыларыңызға қолдау білдіре алмайсыздар. Ал біздің спортшылар болса, ақ тер көк тер боп ел намысын қорғап жатыр ана жақта. Еліміз болса, мұны сіздерге тікелей эфирден көрсете алмайды!

Олай болса, Қазспорттың, басқа телеарналардың бізге не қажеті бар өзі?!. Әлемдік деңгейдегі турнирлерді тамашалай алмаған соң, болды ғой.

Жоқ, оның орнына бұрын өтіп кеткен, ешкімге керек емес бағзы — 45-ші жылғы футболды көрсетеді. Ана — өзбек ағайынға қараңыздаршы! Солардан неге үлгі алмаймыз?..

Егер тікелей эфирден көресете алсақ, қаншама баланы спортқа тарта алған болар едік. тура қазіргі қол бос, каникулдағы кезде. Біздің елде бәрі керісінше жасалады ғой. Бірақ қашанға дейін„ деп күйінді Қуат Найман.

Бұл жазба қоғамдық резонанс туғызып, ақыры бұл мәселеге ресми өкілдер жауап қатуға мәжбүр болған секілді. Өйткені сын орынды ғой. Ал жауапқа келсек, оның тоқ етер түйіндей сөзі — ақша жоқ.

Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында Қазспорт телеарнасының құрылғаннан бастап барлық спорттық шараларды насихаттау үшін барын салып келе жатқанын айта келе, осы Азиада ойындарында мәселенің қалай томпақ боп шыққанын жазды:

„Жұмыс істемей жатыр демеңіздер. Біз Азиада ойындары бойынша келіссөзді 2017 жылдың өзінде бастап кеткенбіз.

Алайда, жеме-жемге келгенде, Азияда ойындарын ұйымдастырушылар лицензиялық көрсетілім бағасын әдеттегіден үш есе көтеріп жіберді. Бәріміз шалқамыздан түстік. Тіпті, Халықаралық спорт ұйымдары мен олимпиада комитеті де түк істей алмай қалды.

Өйткені Азияда ойындарын өткізу құқығын жеңіп алғандар халықаралық жекеменшік коммерциялық ұйым боп табылады. Сондықтан бағаны олар қалай қоям десе өз еркі. Оған ешкім араласа алмайды. Бұл мәселемен бірқатар мемлекет бетпе-бет келді. Олар да трансляциядан бас тартты. Алайда бұл арада әр елге әртүрлі баға ұсынылғанын баса айта кеткім келеді. Сол елдің дамуы, нарықтық жағдайын бағамдап баға қойған. Бұл өте өкінішті жағдай.

Осыған байланысты біз қазақстандықтардан, өз көрермендерімізден кешірім сұраймыз.

Біз Джакартаға арнайы түсірілім тобын жібердік. Азиада ойындарын тікелей эфирден көресе алмасақ та, күнделік ретінде беретін боламыз».

Алайда желідегілердің бұл жауапқа көңілі толмай жатыр. Бірі „Бауыржан Байбекке тиінді сатқызып, ақшасын ал„ деп кеңес берсе, тағы бірі ұлттық телеарна басшысына Баян Есентаева түсіріп, ақыры көгілдір экраннан берілмейтін болған киноға да ақшаны текке шашқанда ойланбайтындарын еске салды.

1 Comment

  • Мен түсінбей жүрмін неге футбол европа қауымдастығ ында ал спорттың басқа түрлері азияда. Европада жарыстың ұйымдастырылуы да, оларға жарнама жасалуы да жоғары деңгейде неге европаға өтпейміз.

Пікірлер

2 + 6 =