Отандық танымал продюсер демалысы кезінде өз оқырмандарын жаңа суреттермен қаунтуда. Алайда, Баян Алагөзованың соңғы фотосы желіде қызу талқыланып, көпшілік арасында сынға қалды.

Мысыр елінде күйеуі мен кіші қызымен демалып жатқан отандық продюсер өз демалысындағы суреттерін белсенді түрде жүктеп жатыр.

Оқырмандарын фотолардың молшылығымен қаунтпақ болған Алагөзова бәрібір де сыннан қаша алмады. Оның соңғы жүктеген суреті желі оқырмандарының ашуын келтірген.

Ффотода Баян Алагөзова шалқайып жатыр, қолына кальян ұстап түскен. Суреттің астына ол: «Мырзам мені ең сүйікті әйелім деп атады»
деген жазба қалдырды.

Желідегілер танымал продюсердің жатысы мен зиянды кальянды қолданатынын сынап тастады.

 

«Қырықтан асып әбден құтырды. Жастарға не тәрбие бересіз?»

«Жатысың жайлы болсын. Саған осы кальян жетпей тұр еді»

«Сонда тағы басқа әйелдері бар дегені ме?»

«Жақсы болыпты кальянды алып, шалқайып жатып. Балқып-шалқып өмір сүріп жатқаныңызды жақсы білеміз», — деп жазды желідегілер.

 

 

Дерек көз:Nur.kz.

Пікірлер

1 + 8 =