Әнші Димаш Құдайберген желіге қытай қызымен сүйіскен видео жариялады. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Видео анықтамасында «See September 14» деп жазылған. Ол “14 қыркүйекте көріңіздер” деген мағынада. Видео-ролик жариялана сала желі қолданушлары қызу талқылай бастады. Олар роликтің ненің үзіндісі екенін білмей дал.

“Бұл жаңа фильм бе, бейнебаян ба?”, “Адамды қызықтырып қойыпты, енді күтетін боламыз”, “Димашпен сүйіскен қытай қыз кім?” деген сұрақтар толастар емес.

Желі қоланушылары роликте әншінің не себепті қытай қызымен сүйіскенін түсіне алмай, өз ойын жазып жатыр. Олар Димашқа өз елінің қыздарына көңіл бөлуге кеңес берді.

Пікірлер

1 + 9 =