Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханның «тас-талқанын» шығарды

Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханның «тас-талқанын» шығарды

Айгүл Орынбек ащы айтса, ақиқатты айтыпты. «Головкин өз күшімен көтерілді» депті заңгер. Автордың желідегі жазбасы қызу пікіріталасқа ұласқан екен. 

«Екі адамның басын қосып ұйымдастыра алмайтын адамдар әңгіме айтып»- деп бөскен еді ағам.

Өзі енді, президент пен бапкерді айыра алмайтын адамның постын бөлісіп мәз болып отыр ғой.

Біреуге сын айтсаң, тису деп ойлайтын қараңғылықтан қашан құтыламыз?!

Головкинге не үшін тиіспейсің депті мына жақта бір сақалды теке ағамыз?!

Не үшін тисуім керек?

Головкин қазынадан халықтың ақшасын алып жарыстарға қатысып па еді?

Головкин өз күшімен көтерілген азамат!

Бекболат ағаға тиіскен жоқпын, ол кісіден Самұрықтан бөлінген 200 миллион ақшаның қайда кеткенін және неге көкпаршылар қайта-қайта атсыз барып жеңілгенін сұрадық!

Халық сұрауға хақылы!

2016 да тараған видео екен ол жерде де атсыз барып жеңіліп отыр. 2018 де дәл солай атсыз барып жеңіліп отыр. Сонда неге жеңіле береді деп сұрауға хақымыз жоқ па? 

Неге қырғыз бапкерінен сонша сүмірейіп сөз естіп отырсыңдар деп сұрауға хақымыз жоқ па?

Көкпар алаңына келіп көрмегендер сын айтып отыр депті, 18 миллион халық теледидардан көріпте сын айталады. Қәзір технология мықты дамыған заман! 

Сол себептен көзі ашық, бірақ миы анау тас ғасырда қалып кеткен сақалды Талғат аға!

Бекболат ағамен Головкиннің бапкерін салыстырмаңыз! Екеуі екі ағым, сіздің тілде айтқанда! Ханафи мен сәләфи деген сияқты!

Көкпар темасын жауып басқа темаға көшейін десем, иттер үруін әлі тоқтатпай жатыр.

Пікір жазу

<