Танымал актриса Әсел Сәдуақасова Алматыда өткен кинофестиваль кезінде дүйім жұрттың назарын аударды. Ашық көйлек киген ол үлкен омырауын көрсетіп мақтанды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Бір қызығы, отандық киноактрисалардың басым дені фестивальге қара түсті көйлек киіп келген. Олардың ішінде, әсіресе Әсел Сәдуақасованың киімі ерекше көзге түсті. Себебі актриса омырауы мен санын ашық көрсететін көйлек киіп шыққан.

“Қазақ қызына жараспайды”, “Қазір әртістердің бәрі шешінбесе жүре алмайтын болды”, “Ұят”, – желі оқырмандарының Instagram-дағы пікірлер легі осындай.

Ал Әселдің өзі жұрттың теріс пікірін әжуамен қабылдауды үйренген.

“Менің көйлегіме қатысты өте көп пікір жазылыпты, менің көңілімді бір көтеріп тастадыңыздар. Ұнатқандарға көп рақмет”, – деп жазды ол.

Пікірлер

9 + 9 =