Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеухан қызметі мен отбасы жайлы айтты. 

Бұл туралы “Nazar” сұхбатында айтылды жазады деп Stan.kz. 

Бекболат Тілеухан сұхбат барысында қоғам мәселесі жайында, өзі мен отбасыы жайлы айтып өтті. Айтуынша, бүгінде өзін жақтаушылардан гөрі, даттаушылар саны көп.

“20-ғасырда қоғамды тексіздендіру саясаты жүрді. Көзі ашық адамдарды, оқу-жазуды үйреткендерді қырып тастады. Олардың орнын шолақ белсенділер, жала жапқандар басты. Олардан ұрпақ тарап, қазір желіде пікір жазып отыр”, – дейді Бекболат Тілеухан.

Айтуынша, қоғам санасын өзгерту мүмкін емес. Мәжіліс депутаты айтқан сынынан соң білім министрінің оң сабақ алғанын, келеңсіздіктердің түзеліп келе жатқанын баяндады.

“Ерлан Сағадиев бастапқыда қазіргі оқу жүйесін өзі де түсінген жоқ. Ал, қазір сыннан кейін көп өзгеріс бар. Көп жұмыс жасалды. Сағадиев сыннан кейін сол мәселені түзейтін адам. Енді сол кісі қызметінен кетіп қалмаса, ісін аяғына дейін жеткізсе деп тілеп отырмын”, – деді депутат.

Бекболат Тілеухан көрермен сұрақтарына жауап бере, екі баласының Америкада оқып келгенін, бауырының Болгарияда бизнесі барын айтты.

“Мен демалыс орнының иесі емеспін, бірақ қатысым бар. Болгарияда бауырымның демалыс орны бар. Бірақ оның табысына араласпаймын. Адамдарымды кез келген уақытта сонда апарып қыдырта алам. Өзімнің ел айтып жүргендей 100 жылқым жоқ. Бір үйір жылқым бар. 11 құлынды бием бар”, – дейді мәжіліс депутаты.

Пікірлер

6 + 8 =