Арыста үйіліп жатқан оқ-дәрі: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Арыста үйіліп жатқан оқ-дәрі: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі Арыс қаласында үйіліп жатқан оқ-дәрілердің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputniк Қазақстан.

Министрлік мәлімдегендей, видеодағы снарядтардың қалдығы тұрғындарға қауіп төндірмейді.

«Оқ-дәрі қалдықтары жарылмайды. Олар әскери қару-жарақ қалдықтары жойылатын жерде, территория қорғауға алынған. Бұл жердегі оқ-дәрілер қауіпті емес», – деп сендірді қорғаныс министрлігі.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Арыс қаласындағы жарылыстан кейін жиналған оқ-дәрілердің видеосы тараған болатын.

Қорғаныс ведомствосы бұл жайтқа қатысты қызметтік тексерісті қолға алыпты, себебі қорғауға алынған нысан видеоға түсірілген.

Қазір Арыста оқ-дәріден тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарына оқ-дәрілерді жою кезінде жарылыс үні естілетіні ескертіліп, тиісті мәлімет берілген.

Пікір жазу

<